3.2.«Ер Төстік ертегісін» оқыту
Ертегілер 5-9 сынаптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болмысын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын – оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.
Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту.
Сюжет пен композициясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;
Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы , тарихи тіл екендігі.
Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен аяқталады.
Сабақ үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі.
Сабақтың білімділік мақсаты: Ертегіні оқыту, мазмұнын терең меңгерту, ертегі негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы талдау жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие бере отырып, елді сүюге баулу.
Дамытушылық мақсаты: Ертегіні оқу, талдау арқылы оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыру,шығарманы өз беттерімен талдауға баулу, пікір айта білу дағдыларын қалыптастыру, өмірмен байланыстара білуге икемдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мәтін,сызба- таблица, мультимедия
Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ –жауап, көрнекілік, салыстыру-зерттеу, ішінара зерттеу әдісі т.б.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі. (1-2 минут)
2. Өткен сабақты сұрау.
3. Өткен сабақты қорыту.
4. Жаңа сабақ.
Әдіскер ғалым Ә.Қоңыратбаевтың әдістемесі бойынша «Ер Төстік» ертегісін күнілгері оқуға береміз.Мәтінмен таныс оқушылармен алдымен кіріспе әңгіме жүргіземіз. Кіріспе әңгімеде сұрақ-жауап әдісі негізінде Ертегі туралы ұғымдары жаңғыртып, төменгі сыныпта өткен ертегілерін еске түсіреміз.
- Оқушылар төменгі сыныптарда қандай ертегімен таныстыңдар?
«Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа», «Қырық өтірік», «Алтын балық», «Аяз би» ертегілерін өттік.
Олай болса, ертегі қалай басталады екен, оның өзіндік ерекшеліктерін саралап айтып беріңдерші:
Ертегі «ерте,ерте ертеде» деп басталады және ертегінің бас қаһарманы ертегі соңында мақсат-мұратына жетеді. Ертегі - фольклорлық шығарма.
Ертегінің басты кейіпкері кемпір мен шалдың жалғыз баласы, немесе халық ортасынан шыққан тазша бала немесе жаман адам болып келеді.Ертегі барысында оның ақылды, батыр екені айтылады.
Ертегіде халықтың арман-мұраты көрініс табады. Ол қиыннан қиыстырылады.
Олай болса ертегіге қандай анықтама бере аласыңдар:
Ертегі дегеніміз – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанрының барлығына тән ерекшелік: бұлар бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжайды. Оқиғасы көркем әңгіме түрінде келіп, қара сөзбен де, өлең түрінде де беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |