Үлгі:Кейіпкерлеріне талдау. Ертегінің бас кейіпкері - Ер Төстік. Ерназардың сегіз ұлына қарсы қойылған, тумысынан ерекше. Елге жұт келгенде сегіз ұлы ата-анасын тастап кетсе, ол ата-анасына қамқор. Олардың зарығып күткен ұлы. Оның өсуі де ерекше.
Ер Төстік бейнесі
Ерекшелігі, қиял ғажайып әрекеттер мен ырымдар (магиялық ұғымдар)
Мифтік бейнелер мен тотемдік ұғымдар.
Ерназар мен анасының зарығып көрген ұлы.
Айында бір жыл жасап, жылында он бес жасар баладай болып өсуі
Он бес құлаш торғын орамал – «Төстігім келгенде не өлгенде шешіл»
Құба інген –«Төстік келгенде не өлгенде ботала»
(фетешизм- сөздің магиялық күшіне сену).
Жер асты еліндегі ерекше батылдығы мен батырлығы,
Шыдамдылығы.
Ер Төстік образын толықтыратын бейнелер: Желаяқ, Таусоғар, Көргіш, Жарғаққұлақтар т.б.
«Ер серігі – жүйрік ат» Ер Төстіктің серігі – Шалқұйрық.
Шойынқұлақтың жаны – еліктердің ішінде болуы.
Шалқұйрыққа, самұрыққа тіл біту, яғни адамша сөйлеу
Құба інген – көшпелі өмір символы.
Шалқұйрық –ерге лайықты тұлпар.
Ақ сырмалы сауыт- ер сауыты.
Кенжекей – ертегінің басты қаһармандарының бірі, от басының ұйытқысы, жұбайлы өмірдің символы болған әйел.Ол- алдында қандай қауіп-қатердің барын күн-бұрын болжап білетін ақылгөй әйел. Ұзатылар кезінде әкесінен болашақ ері Төстік үшін үш қана бүйым сұрайды.Олар: көшпелі өмір символы – Құба інген, ер серігі – Шалқұйрық, батыр сауыты – ақсырмал. Кежекей үшін бұл үш бұйым бірде үміті, бірде мұңдасы. Кенжекей Ер Төстіктің асыл жары, ақылгөйі. Кежекейдің қауіпті жауы – Бекторы. Кежекей мен Бекторы арасындағы күрес - жамандық пен жақсылық арасындағы тартыс.
Ертегідегі Құба інген – Кенжекейдің мұңдасы.