Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет52/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Мұғалім сөзі:

    • Оқушылар, олай болса ертегінің ауыз әдебиетінде екі үлкен топқа бөледі. Бірі аңыздық проза, екіншісі ертегілік проза.

Ертегілік проза тақырыбына, оқиғасына (сюжетіне) қарай бірнеше жанрлық түрге бөлінеді.Хайуанаттар туралы ертегі, қиял-ғажайып ертегі, батырлық ертегі, новеллалық ертегі, сықақ немесе сатиралық ертегі.
Ертегінің түп-төркіні сонау ерте дәуірлерден басталады, ол адамзат қоғам болған кезінде пайда болған. Көне миф, ырым-жораға байланысты аңыздар т.б. Осының бәрі белгілі кезеңдерде, әр түрлі қоғамдық даму процесінде өзгере келе ертегіге айналған. «Ер Төстік» ертегісі қиял-ғажайып ертегіге де, батырлық ертегіге де жатады.Оның себебі не деп ойлайсыздар? Себебі ертегі кейіпкерінің дүниеге келуі, жер асты оқиғасы, Ер Төстіктің жер астындағы достары халық қиялынан туған. Батырлық ертегіге жатқызу себебі ЕрТөстіктің ағаларын іздеп табудағы төзімділігі батырлықтың белгісі, сегіз ағасы мен үйір-үйір жылқыны елге алып келуі ақылдылығының белгісі, ал жер астындағы Бапы хан мен Темір хан еліндегі іс-әрекеті батыр адамның ғана қолынан келетін ерліктер.
Енді ертегінің мазмұнына байланысты жоспар құру тапсырылады.
Жоспары:
1.Ер Төстіктің дүниеге келуі.
2. Сегіз ағасын іздеуі.
3. «Ерназардың сегізін» табуы.
4. Елге оралу.
5.Кенжекейге үйленудегі кедергілер.
6. Ер Төстіктің жер астына түсуі
7.Ер Төстіктің Бапыхан, Темірхан, Кеще хандармен күресі.
8. Бекторы мен Шойынқұлақты жеңуі.
9.Ер Төстіктің жер бетіне шығуы,мақсат-мұратына жетуі.
Ертегінің мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі.Ертегі мазмұнын меңгерту кезінде қызықты эпизодтарын қайта оқуға, ондағы түсініксіз сөздерге, ұғымдарға түсінік беру – басты тәсілдердің бірі.
Содан кейін ертегі мәтінін мазмұндату жұмыстары басталады. Мазмұндату да бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізіледі.Мысалы:
а) мәтінге толық мазмұндау;
ә) эпизодтарға байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндау;
б) өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндау;
в) мұғалім сұрағына жауап-мазмұндау.
Мазмұнын толық меңгергеннен кейін ертегіге әдеби талдау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет