Әдебиеттер тізімі:
1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасының очекртері. – Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педогогикалық баспасы, 1962, 210 бет.
2.Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, Мектеп, 1969, 242 бет.
3.Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті оқулығы методикалық нұсқау. – Алматы, Мектеп, 1972, 61 бет.
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы, Рауан, 1997, 242 бет.
5.Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. – Қазақ әдебиеті, V-ХІ кластар. – Алматы, Рауан, 1994, 2000 ж.
№5- практикалық сабақ
Тақырыбы: 1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі бетбұрыс
Жоспары:
Әдеби білім тұжырымдамасы(1991, 1997 жж.)
Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар
Оқытудың жаңа технологиясы Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби курсты жоспарлау әдістері, әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары.
Мақсаты: Әдебиет әдістемесі пәні оқытылуының даму және қалыптасу тарихынан білім беру.
Тексеру сұрақтары:
1. Бағдарламалық оқулық қай жылдан бастап жарық көрді?
2. Ш.Кәрібаевтың бағдарламалық оқулық жасаудағы еңбегі.
3.Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты қашан ашылды және қай бағытта жұмыс жасай бастады?
4. Ү-ҮІІ кластарға арналған бағдарлама қай жылы басылып шықты?
5. Тіл мен әдебиет пәнінің алғашқы құрылтайы қай жылы ашылды?
6. Жаңартылған білім мазмұнындағы әдістемелік нұсқаулықтар жөнінде айтыңыз?
Глоссарий:
Талдау – көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып қарастырып, оның қасиет-ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат-белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу.
Жазбаша жұмыс - сабақ барысында дәптерге түсіру арқылы лорындалатын жұмыстардың түрі.
Монографиялық тақырыптар – арнайы көлемді зерттеу тақырыптары, белгілі бір өмірбаяндық, шығармашылық тарихын қамтитын көлемді тақырыптар.
Достарыңызбен бөлісу: |