Тексеру сұрақтары:
1.Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева т.б. мұғалімдік тәжірибелерінің бүгінгі таңдағы дамуы.
2.Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ әдебиеті» пәні бағдарламасының негізгі ерекшеліктері
3.Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі .
4.Қысқа мерзімді жоспар қандай жоспар?
5.Қысқа мерзімді жоспар қандай бөлімдерден тұрады.
Глоссарий:
Технология - білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың элістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тэсілдері туралы ғылым.
Инновация - педагогикалық категория ретінде жаңғырту, жаңарту түсінігін береді. Инновация - жаңаша ойлаудың жолы болғандықтан, оқытудың жаңа мазмүндағы түрі.
Инновациялық әдістеме - инновациялық эдіс-тэсілдер мен дидактикалық қүралдарды қолдану арқылы білім негіздерін меңгертудің сипатын жаңа технологиялармен толтыруға, өзгертуге бағытталған.
Модуль - дидактикалық жетісітіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелік жүйесі бар аяқталған ақпарат блогі.
Модуль- оқу үрдісінің өзгеруіне байланысты үнемі толықтырылып, өзгертіліп, түрлендіріліп отыратын іріленген мазмүнды дидактикалық бірлік. Модульдік оқу біліммазмүнын әр қырынан жетілдірудің, үйымдастырудың қүралы мен әдісі.
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар:
Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесін жанрлық тұрғыдан талдау. М.Жұмабаевтың «Жазғы түн» өлеңін (бесінші класта оқуға арналған) талдау.
Интерактивті әдіс: дискуссия
Түрі: баспасөз конференциясы
Формасы: өзекті мәселелерді талқылау
Мәнжазба тақырыптары:
1. 5-6 класта кластан тыс оқыған шығарманы талдау
2. 7-8 класта кластан тыс оқыған шығарманы талдау
Блиц-тесттер:
1. «Әдебиетті оқыту әдістемесі» оқулығының авторы кім?
а) Бітібаева
ә) Тілешова
б) Көшімбаев
в) Дайырова
г) Қоңыратбаев
2. Т.Ақшоолақовтың әдістемеге қатысты еңбегі қалай аталады?
а) Әдебиетті оқыту әдістемесі
ә) Көркем шығарманы оқыту жолдары
б) Әдеби және теориялық ұғымдарды оқыту
в) Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
г) Инновациялық тәжірибе жолдары
3. «Әдебиетке байланысты кластан тыс жұмыстар» атты әдебиеттік нұсқаудың авторы кім?
а) С.Тілешова
ә) Т.Қуанышева
б) К.Құдайбергенова
в) С.Маханбетова
г) Р.Қойбағарова
4. Материал, оны сұрыптап оқыту, оқушылармен жұмыс істеу әдісі қай мектептің енгізген жаңалығы
а) Ыбырай мектебі
ә) Қадим мектебі
б) Жадид мектебі
в) Қазіргі мектептер
г) Арнаулы мектептер
5. Әдебиет пәнінің негізгі объектісі
а) көркем шығарма
ә) мазмұндама
б) сынақхат
в) теория
г) шығарма
Әдебиеттер тізімі:
1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасының очекртері. – Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педогогикалық баспасы, 1962, 210 бет.
2.Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, Мектеп, 1969, 242 бет.
3.Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті оқулығы методикалық нұсқау. – Алматы, Мектеп, 1972, 61 бет.
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы, Рауан, 1997, 242 бет.
5.Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. – Қазақ әдебиеті, V-ХІ кластар. – Алматы, Рауан, 1994, 2000 ж.
№10- практикалық сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |