Монография – белгілі бір тақырыпта жазылған, мәселені тереңдеп ашатын ғылыми-зерттеу еңбек
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма
Новелла –көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады.
Өмірбаяндық әдіс – жазушының шығармашылығын жеке өмірлік тәжірибесінің көрінісі ретінде қарастырып, оны шығармашылығындағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі
Пейзаж(франц. – ел, жер) - әдеби шығармадағы жаратылыстың, яки табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар:Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты» сабақ жоспарын дайындау.
Интерактивті әдіс: шағын топтармен жұмыс
Түрі: оқырмандар конференциясы
Формасы: сұрақ-жауап
Мәнжазба тақырыптары: 1. Шәкәрім шығармаларының көркемдік әлемін таныту
2. А.Байтұрсынұлының қоғамдық көзқарастарын таныту
Блиц-тесттер: 1. Көркем текске үңіле қарап, табиғатын тереідей түсінуге жетелейтін оқыту әдістемесі
а) эвристикалық әдіс
ә) зерттеу әдісі
б) бақылау әдісі
в) әңгімелеу әдісі
г) түсіндіру әдісі
2. Лирикалық жанрды оқыту ерекшелігі
а) мәнерлеп жатқа оқу
ә) баяндау
б) түсіндіру
в) доспар құру
г) эвристикалық әдіс
3. «Әдебиетке байланысты кластан тыс жұмыстар» атты әдебиеттік нұсқаудың авторы кім?
а) С.Тілешова
ә) Т.Қуанышева
б) К.Құдайбергенова
в) С.Маханбетова
г) Р.Қойбағарова
4. «Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» атты әдебиеттік нұсқаудың авторы кім ?
а) А.Мырзалиев
ә) Қ.айтқалиев
б) М.Махмутов
в) Н.Оралбаева
г) Ф.Оразбаева
5. Күнделікті сабақ жоспарында не айқындалуы қажет
а) тақырып пен мақсат
ә) білімділік пен тәрбиелік
б) сабақтың өту әдісі
в) пәнаралық байланыс
г) әдебиеттер тізімі