Әдебиеттер тізімі:
1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасының очекртері. – Алматы, Қазақтың мемлекеттік оқу-педогогикалық баспасы, 1962, 210 бет.
2.Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. – Алматы, Мектеп, 1969, 242 бет.
3.Ақшолақов Т. Қазақ әдебиеті оқулығы методикалық нұсқау. – Алматы, Мектеп, 1972, 61 бет.
4.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы, Рауан, 1997, 242 бет.
5.Жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламалары. – Қазақ әдебиеті, V-ХІ кластар. – Алматы, Рауан, 1994, 2000 ж.
№13- практикалық сабақ
Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
1.Кіріспе сабақтар
2.Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі
3.Қорытынды сабақтар
Мақсаты: Әдебиет сабақтарында мәтінмен жұмыс жасауда әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау жолдарын үйрету.
Тексеру сұрақтары:
1. Оқытудың әдіс-тәсілі дегенді қалай түсінесіз?
2. Әдебиет сабағында қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланған тиімді?
3. Кіріспе сабақтарына қойылатын талаптар?
4. Ә.Қоңыратбаев көркем мәтінмен жұмыс істеу кезеңдерін қанша топқа бөліп қарастырады?
Глоссарий:
Әдіс-тәсіл – берілген материалды оқушылардың ұғымына неғұрлым тиімді сіңіру үшін таңдап алынатын әрекеттер жиынтығы
Жаңа технологиялар – оқытудың әдеттегі, дәстүрлі түрлерінен бөлек, бүгінгі ақпараттық технологияларды т.б. пайдалана отырып ұйымдастырылатын сабаққа қажетті құралдар
Проблемалап оқыту - оқушылардың ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде қолданылатын әдіс
Түсіндірмелі-репродуктивтік әдіс - мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді.
Көрнекілік әдіс - оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттыратын көрнекі маьериалдарды қолдана отырып түсіндіру.
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар: қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларға байланысты сызба-кесте құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |