Ілкі қыздан кем емес,
Қыз Жібектің шешесі, – деген өлең жолдары бар.
Осындағы кеше (қазіргі қазақ тілінде – кеш), ілкі (әдепкі, бұрынғы) сөздері көне түркі жазба ескерткіштерінде жиі ұшырасады. Қазақ тілінде «кеше» сөзінің соңғы е дыбысы үнемделсе, «ілкі» архаизмге айналып, қолданыстан шығып қалған. Мұндай тілдік фактілер ауыз әдебиеті материалдарында, олардың әр жанрында өте мол.
Қазіргі тілде сақталып қалған диалектілік ерекшеліктер жазба ескерткіштері аз қазақ тілі сияқты тілдердің тарихын зерттеуде нақты материал болып табылады. Тілдегі диалектілер зерттелінбейінше, тілдің даму тарихының толық ашылуы да мүмкін емес. Диалектілік деректер әдеби тілдегі сәйкес материалдармен салыстырыла отырылып, тілімізде сол сөздің, форманың, тіркестің, сөйлем құрылысының қайсысы көне, қайсысы жаңа екенін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, әдеби тілдегі «аға», «құдағи» деген сөздер диалектілерде «ақа», «құдағай» болып айтылады. Екі вариантты салыстырғанда, диалектілердегі варианттың дыбыс тіркестері көнелікті сақтағанын аңғарамыз. «Алғын», «келгін» дегендердегі -ғын, -гін формалары
әдеби тілге тән емес, қазіргі кезде ол түркі туыстас басқа тілдерде, сондай-ақ жазба ескерткіштердің тілінде жиі кездеседі. Жалпы алғанда, диалектологиялық материалдардың қазақ тілінің басқа түркі тілдерімен туыстығын айқындай түсуде, тіл тарихын жасауда маңызы өте зор.
Тіл тарихын жасауда туыс түркі тілдерінің фактілерін бір-бірімен салыстыру да елеулі роль атқарады. Салыстырусыз біз қазақ тілінің барлық салаларының тарихын баяндай алмаған да болар едік. Туыстас тілдердің фактілерімен салыстырудың арқасында ғана қазақ тіліндегі сөздердің, формалардың, тіркестердің, сөйлем құрылысының ерекшеліктерін, олардың сырын білеміз, тіліміздегі ескі сапа элементтері мен жаңа сапа элементтерінің ара жігін айырамыз. Салыстыру әдісі тек туыстас түркі тілдерінің материалдарымен ғана шектеліп қалмайды, алтай тілдерінің туыстығы деген теория бойынша моңғол, туңғыс-манчжур, тіпті реті келсе корей, жапон тілдерінің ұқсас элементтерімен салыстырудың да қажет екенін көрсетеді. Әрине, салыстырғанда қазақ тілінің қай тілдерге жақын екенін, қай топқа жататындығын ескеріп барып салыстыру қажет.
Тіл тарихының қай мәселесі де, оның ішінде фонетикалық жүйе мен грамматикалық құрылым тарихы бүгінгі тіліміздің өз құрамындағы тіл дамуының жаңа фазасының көрінісі мен ескі дәуір іздерін айқын ажыратып тануға негізделеді. Сондықтан тілдің тарихи дамуы мен оны туыс тілдер материалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады, яғни әдеби тілдің өз ішіндегі материалдарды бір-бірімен салыстыру көне қабат пен жаңа қабаттың ара-жігін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Бізге келіп жеткен дереккөздердің ішінде көне түркі жазба ескерткіштерінің орны ерекше. Себебі, бұларда түркі тілдерінің базалық лексикасы, ескі грамматикалық құрылысы жақсы сақталған. Әр тіл өзінің тарихи лексикологиясына, тарихи фонетикасына, тарихи грамматикасына қажетті мағлұматтарды біршама дәрежеде таба алады.
Түркі халықтарының түбі бір болғанымен, келе-келе әр халықтың өзіне тән тілдік жүйесі қалыптаса бастады. Мысалға қазақ тілінің де өзге тілдерге ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Фонетика саласы бойынша мына өзгешеліктер бірден көзге түседі: 1) көрші дауыссыздардың әсерінен н дыбысы д, т дыбыстарын ауысады; 2) м, б, п дыбыстары бірінің орнына екіншісі айтыла береді; 3) қыпшақ тілдерінде сөз басында кездесетін й~ж~ дж сәйкестігі ішінен қазақ тілінде ж дыбысы ғана жұмсалады; 4) өзге тілдерде сөз соңында айтылатын ш орнына қазақ тілінде с дыбысы пайдаланылады т.т. Морфология саласы бойынша: 1) есімшенің ауыспалы келер шағы –атын (алатын), -етін (көретін), -йтын (қарайтын), -йтін (күрейтін) түрінде келеді. Бұл форма қазақ тіліне ең жақын қарақалпақ тілінде -атұғын, -етұғын, -йтұғын, ноғай тілінде -атаған,
Достарыңызбен бөлісу: |