Ерекшеліктері: фонетикасы бойынша – 8 дауысты (а, е, ы, и, о, ө, у, ү);
қысқа және екінші дәрежелі (краткие и вторичные) созылыңқы дауыстылар;
ч, ш дыбыстарының сақталуы (үч «үш», беш «бес», ешик «есік», ешек «есек», мышык «мысық»);
сөз басындағы (инициалды) дж (джок «жоқ»), ол интервокалды позицияда й –ге айналады (баласы йок «баласы жоқ»);
дауыстылардың дәйекті жуан/жіңішкелік (буын) және ерін үндестігі: күндө «күнде», оқуптурмун «оқыдым/оқығанмын»;
Морфологиясында – жинақтық сан есімдердің ассимилятивті формалары бирөө «біреу», экөө «екеу»;
жуықтық сан есімдер ‑дай, ‑ча, ‑даған, ‑лар аффикстері арқылы жасалады (отуздай «отыздай»), жүзче «жүз шақты», ондоғон жылдар «ондаған жылдар/ он жылға жуық / он жылдай», саат ондөрдө «сағат ондарда»);
«сол/анау» сілтеу есімдігі ал / формасында, ал диалектілік нұсқасы ол түрінде (аға/оғо (оғо) «ему, тому») жұмсалады;
«не» есімдігі параллель үш формада кездеседі: этне / немне / не; белгісіздік есімдіктері екі тәсілмен жасалады: кимдир / алда ким «әлдекім»;
етістіктің 2 ж. көпше түрінің параллель формалары: ‑сыз(дар) / ‑сынъар; ‑нъыздар / ‑нъар;
қалау райдың аналитикалық формасы (айтқым келет «айтқым келеді»);
есімшенің ‑(уу)чу тұлғасының өнімді қолданылуы: ойғо алчу иш «ойға алатын/алынушы іс»;
мақсаттық көсемше тұлғасы ‑ғаны / диал. ‑ғали: оқуғаны келдим «оқығалы келдім»;
-а / ‑е / ‑й, ‑п көсемшелерінің және олардың негізінде жасалған перифрастикалық аналитикалық етістікті тіркестердің актив қолданысы: келбей қой «келмей қой / келме», қарап қой «қарап қой / қара»;
Достарыңызбен бөлісу: |