«Қазақ тілі тарихы» Ғылыми-зерттеу сериясы



бет43/53
Дата31.12.2021
өлшемі168,18 Kb.
#22129
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Байланысты:
annotation123142

Қырғыз-қыпшақ тілдері

Алтай тілі

Алтай (этникалық топтары: алтай кижи – алтайлықтар, ескіше: ойроттар, алтай қалмақтары; майма кижи, маймалар; тэлэнъит, төлес – телестер; чуй кижи – чулықтар, ескіше: чу қалмақтары; тэлэнъэт – телеуттер; туба / туұа / тума кижи, д´иш / т´иш /йыш кижи – қара (черневые) татарлары; қубанды / қуұанды / қуманды кижи – кумандиндер; чалқанду / шалқанду / қуу кижи лебедин татарлары) – қыпшақ тобы қырғыз-қыпшақ топшасының тілі, басқаша айтқанда, түркі тілдерінің шығыс хун бұтағына жатады. Ойроттар және ойрот тілі атауына қатысты мынадай түсініктеме берілген: алтайлықтар, яғни Н.А.Баскаков өзінің 1999 жылы шыққан зерттеуінің 179-ші бетінде жазғандай, «ұзақ уақыт бойы монғолдардың (ойроттардың) қол астында болған, олар Жоңғар (Ойрат) хандығына кірген, хандық атауы хан есімімен байланысты қалыптасқан».

Шамамен 80 мыңдай алтайлықтардың 60 мыңдайы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автономиялы облысында тұрады.

Оңтүстік диалектілер тобы (алтай, телеңгіт, телеут) және алтай диалектісіне негізделетін алтай әдеби тілі, қырғыз тілімен бірге қыпшақ-қырғыз топшасын құрайды;

Солтүстік диалектілер тобы (туба кижи, йыш кижи, кумандин немесе ш/чалкан) тарихи тұрғыдан хакас немесе шор тілдеріне жақын және түркі тілдерінің ұйғыр-оғыз топшасына жатады.

Оңтүстік және солтүстік диалектілердің арасындағы типтік фонетикалық байланыстар (корреляциялар): у/о (ул / ол «ол»), ү/ө (мүрө / бөрү «бөрі»), и/э (пик / бэк «бек/берік»), оо/уу (оол / уул «ұл/жігіт»), аа/уу,оо (аар / уур «ауыр», аас / оос «ауыз»), тағ / туу «тау», шериг / черү(ү) «шерік/әскер», чыл / д´ил «жыл», н´аақ / д´аақ «бет/жүз», ш´анақ / чанақ «шана», молот / болот «болат», тэбир / тэмир «темір», кэлти / кэлди «келді», түнтэ / түндэ «түнде», сураұийин / сурамай «сұрамай», уғдын / үйдэнъ «үйден».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет