Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты



бет7/7
Дата09.02.2023
өлшемі202,63 Kb.
#66549
1   2   3   4   5   6   7
Кэш Cash. Қолма-қол ақша, банкнота және тиындар формасында заңды түрде төлем жасау. Ал тағы бір мағынасы сатып алушының несие немесе бөліп төлеусіз бірден тауар ақысын төлеу. Кешбэк Cash back - тікелей аудармасы қолма-қол ақшаны қайтару, алайда бұл терминді интернет-сауда саласында, банк ісінде және ойын бизнесінде клиенттерду тарту мен адалдығымен жаулап алу мақсатында ұйымдастырылатын бонус бағдарламасы деп түсінген абзал. Интернет саудасында кешбэк уақыт өте қайтарылатын жеңілдік болса, банк саласында клиентті банк картасы арқылы сауда жасауға шақыратын бағдарлама.
Фандом немесе фэндом. Фандом - фэндом немесе фандом, ағылшын тілінен fandom – «фанаттар қауымдастығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл негізінен қызығушылықтары ортақ адамдардың қандай да бір танымал адамдарға, шығармаларға, топтарға бірігіп серіктестік пен ықылас танытуын бейнелейтін жанкүйерлерден (фанаттардан) тұратын субкультура. Фэндом термині бізге ағылшын тілінен келген. Бастапқыда бұл сөз «ғылыми фантастикамен әуестенетін адамдардың тобы» мағынасын білдіретін, бірақ кейіннен мағынасы бұдан да кеңейе түсті. Батыс фэндомдарындағы жағдайға ұқсас, алғашқы және ең ірі орыс фэндомдарының шығу тарихы фантастикамен байланысты.
Коллаборация. Коллаборация әдетте әріптестік сөзінің ұғымы, қандай да бір саладағы екі немесе одан да көп адамның, ұйымдардың ортақ жетістікке жетудегі біріккен қызметі я әрекеті. Оның барысында білім мен тәжірибе алмасу, келісімге келу жүреді.
Месседж. Бұл ағылшын тіліндегі медиа сөз, оның қазақ тіліндегі мағынасы «жеткізгің келген ой», «хабарлау». Яғни күнделікті қолданып жүрген мессенджерлеріміз месседж алмасу құралы.
Хайп. Ел алдында арзан атаққа құмарлықты хайп десек қате емес. Бұл жастардың ағылшын тіліндегі (hype) сөзін «атың шықпаса жер өрте» мағынасымен түсіндіруге болады. Бірақ хайп медиадағы шу мен қызу әңгіме.

ҚОРЫТЫНДЫ




Бүгінгі күні мемлекеттік тілге қатысты либералды қағидаларға сүйенген Қазақстандағы тілдік саясат өз жемісін берді: тәуелсіздік жылдары қазақ тілі қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданала бастады, қазақ тілінің қызмет аясының кеңеюімен бірге тіл мәдениетінің даму үрдісі байқалады. Осыған байланысты қазіргі қазақ тілінің лексикалық жүйесінде неологизмдену динамикалық күйде дами бастады. Сонымен бірге бұрын пассив лексика құрамында болған неологизмдер қысқа мерзім ішінде лексиканың белсенді бөлігіне ауысып үлгереді. Мұның барлығы қоғамдық санада болып жатқан трансформация жайында дәлел бола алады. Бір қызығы, осы тілдік жаңартпалар қоғамға әсер ете отырып, кері үдерістің пайда болуына түрткі болады, яғни қоғамдық сананың жаңғыруының құралына айналады. Дегенмен қазақ тіл білімінде неологизмдердің ғылыми-тілтанымдық мәнін түсіну, сипаттау, инвентарлау, лексикографиялау, кодтау және стандарттау үдерісі белгілі бір себептердің әсерінен соңғы жылдары қатты баяулады. Бұл жайында қазақ тілінде жаңа сөздердің соңғы нормативтік сөздіктерді шығару мерзімі дәлел болады.
Екіншіден, қоғамдық сана түрлерінің бірі ретіндегі тілдік сананың дамуына қарамастан, оның әрі қарайғы дамуын тежейтін төменде келтірілген кері үрдіс байқалады:
– бұқаралық ақпараттың гедонизденуі, нәтижесінде репрезентанты негізінен тілдегі неологизмдер болып табылатын жаңа білімдер орнына бірмезеттік ойын-сауық сипаттағы ақпараттарға басымдылық беріледі, бір өкініштісі, ол тіпті білім беру контентінде байқалады;
– рухани зияткерлік құндылықтар концептілерін бейнелейтін семантикалық неологизмдер дереккөздерінің бірі ретінде қайта жаңғырған ескі жазба лексика тек мамандандырылған әдебиетте ғана қолданылады және көпшілікке қолжетімді лексикографиялық еңбектерде аз насихатталады. Осының салдарынан негізінен діни санаға, рухани-адамгершілік мәдениетке жататын осындай неологизмдердің үлкен бөлігі тіл иелмені үшін қолжетімді бола бермейді;
– жаратылыстану және инженерлік-техникалық ғылымдарда мемлекеттік тілді ынталандыру тетіктерінің жетіспеушілігі қазақтілді қоғамдастықтың ғылыми санасының төмендеу қаупіне алып келді. Сондықтан аталған салаларда ғылыми дискурстың неологиялық сөздіктерінің теориясы мен әзірлемесін зерттеу арқылы мемлекеттік тілдегі білімдер жүйесін насихаттау маңызды болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның этнотілдік қоғамдастығының қоғамдық санасы жаңғыруының әлеуметтік-мәдени, саяси түрткіжайттарымен тығыз байланыстағы қазіргі қазақ тілінің (ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басы) неологизмдену үдерісін, компьютерлік технология әдістерін қолдана отырып, мемлекеттік тілдің неографиялық базасын әзірлеу және жасауға алғаш рет талпыныс жасалып отыр. Аталған бағыт бойынша әлемдік және отандық лингвистикада әртүрлі сипатта көптеген зерттеулер жүргізілді. Дегенмен аталған жобада лексикалық-семантикалық жаңартпалар қазақтілді этномәдени қоғамдастықтың қоғамдық және тілдік санасында «жаңаның» репрезентациясы ретінде алғаш рет лингвистикалық және социолингвистикалық аспектіде зерттелді. Өз зерттеулерінде жоба әзірлемешілері отандық лингвистердің бұған дейінгі ғылыми-теориялық ізденістерінің нәтижелеріне сүйенеді. Құрылымдық, психолингвистикалық, лингвомәденитанымдық, лингвокогнитивтік және өзге де аспектілерде неологизмденуді зерттеу тілдің жаңаруындағы сөздік және семантикалық жаңартулардың маңызды рөлінің әсерімен ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің, ақпараттық технологиялардың қоғамның тілдік санасына әсер етуінің қарқындылығынмен де байланысты.
ХХ ғасыр аяғында ғалымдар көптеген тілде күшейіп келе жатқан неологизмденуді, «неологиялық серпілісті» байқаған. Жоғары жаңғырғыштық «орыс. неогенность» геометриялық прогресте және ХХІ ғасыр басында күшейе түсті. Неолог ғалымдар неологизмдер дамыған, өміршең тілдерде жаңа сөздер мен мағыналардың пайда болуы әлеуметтік жағынан маңызды болып табылады деген жалпы пікірге келді. Көптеген зерттеушілер көрсеткендей, ХХ ғ. аяғында тіл білімінің ерекше саласы ретінде неологияны рәсімдеу басталды. Жоғарыдағымен байланысты қазақ тілін бүгінде «неологиялық серпіліс» қамтыған. Мұндай әсер, бір жағынан, тілді өміршең тіл ретінде зерттеуге, екінші жағынан, барлық жаңа нәрсені атаудың немесе бар нәрселердің семантикалық жаңарудың әлеуметтік қажеттілігін түсіндіру үшін, сондай-ақ аталған жобаның мақсаты болып табылатын тілдік жаңартпаларды лексикографияландыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Қазақ неологизмдерін лексикографияландыру мәселесін әзірлеу және жасау кезінде Он бес томдық, Үлкен бір томдық түсіндірме сөздіктер және Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі сияқты академиялық сипаттағы іргелі отандық лексикографиялық еңбектердің тәжірбиесі қолданылатын болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Шанский Н.М. Лексикология современного русского языка. – М.: ЛКИ, 2007 – 15 с.

  2. Рященко М.А. К вопросу о неологии как о средстве расширения лексического запаса (на материале французского языка) // Вестник Челябинского государственного университета. – 2014. – №16 (345), вып. 91– С. 121-123.

  3. Гальперин И.Р. К проблеме стилистической дифференциации словарного состава современного английского языка. – М.: МГУ, 1953 – С. 63

  4. Котелова Н.З. Первый опыт лексикографического описания русских неологизмов // Новые слова и словари новых слов. – Л.: Наука, 1978 – С.21

  5. Попова Т.В. Русская неология и неография. – Екатеринбург: УГТУ-УПИ, 2005 – С.17

  6. Лингвистический энциклопедический словарь. – М.: Энциклопедия, 1990 – С. 331

  7. Калинин А.В. Лексика русского языка. – М.: Изд. МГУ, 1978 – С.13

  8. Лопатин В.В. Рождение слова: Неологизмы и окказиональные образования. – М.: Наука, 1973 – С. 404.

  9. Лыков А.Г. Современная русская лексикология (Русское окказиональное слово). – М: Высшая школа, 1976 – С.276.

  10. Розенталь Д.Э. Справочник по русскому языку. Словарь лингвистических терминов. – Минск: Оникс 21 век, 2008 – С.20

  11. Gilbert P. Dictionnaire des mots nouveaux. – Hachette: Tchou, 1971.

  12. Уфимцева А.А. Опыт изучения лексики как системы. – М.: АН СССР, 1962 – С.221

  13. Торопцев И.С. Словопроизводственная модель. – Воронеж: ИПЦ ВГУ, 1980 – С. 22

  14. Караулов Ю.Н. Общая и русская идеография. – М.: Наука, 1976 – С.11

  15. Лаврова Н.А. Неологические контаминации и их словарная репрезентация // Вестник Ленинградского государственного университета им. А.С.Пушкина. № 1, 2010. – С. 22

  16. Algeo, John. Fifty years among the new words: A dictionary of neologisms, 1941-1991. – Cambridge: Cambridge UP, 1991. – С. 100

  17. Сенько Е.В. Теоретические основы неологии. – Владикавказ: СОГУ, 2001 – С.122

  18. Rey A. Neologisme, un pseudo-concept // Cahiers de lexicologie. – Paris: Didier- Larousse, №1, 1976. – С. 28

  19. Розен Е.В. Новое в лексике немецкого языка, – М.: Просвещение, 1976 – С. 222

  20. Guilbert, Louis, La creativité lexicale. – Paris: Librairie Larousse Publ., 1975 – С. 54

  21. Cabré, Teresa M. Terminology: Theory, Methods and Applications. – Amsterdam // Philadelphia: John Benjamins Publishing Company, 1999 – С. 98

  22. Котелова Н.З. Теоретические аспекты лексикографического описания неологизмов. – М.: Энциклопедия, 1988 – С. 201

  23. Тогоева С.И. Современная лексикография и новые единицы номинации. – М.: Академия, 2007 – С.444



ҚОСЫМША А


Жоба бойынша 2019 ж. жарияланған мақалалар


1. Fazylzhanova A., Amirbekova A., Isaeva G., Piyazbaeva A. Semantic Valency in the Kazakh Language / European Journal of Humanities and Social Sciences № 5, 2019.


2. Амирбекова А., Исаева Г. Переход на латинскую графику: общественная консолидация / Молодой ученый международный журнал. № 28 (266), 2019 – 253-255 бб.
3. Фазылжанова А., Серікбаева А. The Kazakh Lexicon of the Virtual communication / Хабаршы ҚазҰПУ Филология сериясы. ВАК РК. № 3 (325) 2019. – 69-74 бб.
4. Әмірбекова А. Тіл және халықтың ойбейнесі / Ш. Уалиханов атындағы КМУ Хабаршысы. Филология сериясы. № 2, 2019. – 8-33 бб.
5. Серікбаева А. Әлеуметтік желідегі ағылшын тілінен енген жаңа сөздер / Қазақстан ғылымы мен өмірі Халықаралық ғылыми журнал. Филология сериясы. № 4 (81) 2019. – 293-296 бб.
6. Серикбаева А. Неологизмы в вертуальной коммуникации / «Молодой исследователь: вызовы и перспективы» Сборник статей по материалам СXIII международной научно-практической конференции. № 13, 2019. Москва. – 20-25С.

ҚОСЫМША Ә


Қазақ тіліне еніп жатқан жаңа терминдердің вариантылығына байланысты сауалнаманың аралық нәтижелері


Техникалық ақпарат:



  • Зерттеу түрі: ашық онлайн сауалнама;

  • Зерттеу платформасы: Google Docs сервисі;

  • Зерттеу тілі: Қазақ;

  • Зерттеу аудиториясы: 15-60 жас аралығындағы ҚР азаматтары;

  • Зерттеуді жүргізу аралығы: 12.06.2019 – қазіргі кез;

  • Сауалнама сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSctB4DfibR8M1Ildc1WDqmBDft1IFJB3s7rLrxsFy_KN2gVqA/viewform?usp=sf_link

Сурет 1 – Сауалнамаға қатысушылардың жас аралығы:



Сурет 2 – Сауалнамаға қатысушылардың жынысы:



Сурет 3 – Сауалнамаға қатысушылардың білімі



Сурет 4 – Сауалнамаға қатысушылардың жұмыс істейтін саласы





Сурет 5 – Сауалнама. І бөлім





Сурет 6 – Сауалнама. ІІ бөлім





Сурет 7 – Сауалнама. ІІ бөлім



Сурет 8 – Сауалнама. ІІ бөлім






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет