Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет47/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Құлтөлеу Мұқаштың «Бөртегүлдің иісі» эссесінің бас кейіпкері – 35 жастағы Сағат Әшімбаев. Шәкірт пен ұстаз арақатынастары шынайы рухани туыстық пен таза ер-азаматтар арасында болатын ерекше сыйластыққа ұласқан. Автор бөртегүл-сирень екенін тұңғыш рет Сағат Әшімбаевтан естігенін де осы ретте әдемі келтірген. Қазіргі постмодернистік эсселердің көп оқылуы осындай рухани ара қатынастарды қамтуында.
4. Гендерлік дискурс.
Зейнеп Ахметова «Әзіліңді сағындым». Белгілі жазушы дүниеден өткен жұбайы Бақытжан Момышұлымен өткізген отбасылық ғұмырындағы қарым-қатынастағы бір-бірінің қадірін түсіне білген ерлі-зайыптылардың сыйластығы туралы естеліктерін оқырманға ұсынған. Бұл естеліктерден қандай да бір қиыншылықта екі адамның парасаттылықты ұстанған жандар екенін аңғарамыз. Кейде бірге күліп те аламыз, себебі бұл ерекше қалжыңмен көркемделген естелік. Отағасына Басием деп айту үшін де соған сай азамат болу керек және ер-азаматтың қадірін түсінетін ақылды әйел болу қажет: «Бұл кітап Басиемнің көзі тірісінде «Бәкеңнің бірқақпайлары» деген атаумен жазыла бастаған болатын» дейді автор. «Алтынның сынығы да алтын» деген аңдатпасында автор былай деп ағынан жарылған: «Тосылып айтпай басып айтатын сөзге ұста, ойға жүйрік Бәкеңнің бірқақпай әзілдері тез тарап кететін. Сықақшылардың кейбіреуі Бәкеңнің айтқандарын сәл-пәл өзгертіп, сахнаға пайдаланғанын талай көріп, құлағымыз естіді. Газет-журналдарда «... деген екен» айдарымен басқа біреулердің иелігімен жазылғанын да оқыдық. Ойдан шығарылған ештеңе жоқ».
Автор Бәкеңнің ащы қалжыңына өкпелеген кезін еске алып, осы ретте атасы Бауыржан Момышұлының айтқан сөздерін былай деп келтірген: «Балам, кейде әзіл де адамды өкпелетеді. Қалжыңға келгенде Бақытжанның жатыпатар, жертесер екенін өзің де білесің. Сөйлеп қалған ауыз жыбырлағанын қоймайды дегендей, ол бәрібір қалжың мен қағытпасын тоқтатпайды. Әсіресе, сен жылаған сайын ол өршелене түседі. Сондықтан оған қарсы қалқан қойғын. Қандай қалқан дейсің ғой? Өзің қосыла күлгін. Сонда оның қолынан қаруы түсіп қалады. Өзіне-өзі күле алатын адам – ақылды адам. Білемін, әдептісің, бірақ әдептілік пен жасқаншақтық ара салмағы бөлек екенін түсінгін, – деді». Ата сөзін былай деп түйіндеді: «Әдемі әзіл ақылдан шығады. Аузында әзілі жоқтың қолында шоқпары бар, – деді».
Жазушы Зейнеп Ахметова атасы Бауыржан Момышұлы мен отағасы Бақытжан Момышұлы сияқты қазақ ерлерінің парасатты ақылы мен кісілігінен көрген адамдық мінездерін осы шағын қалжыңдар арқылы қазіргі замандастарының назарына салады.
Жазушының келесі ойы бәрімізге қажет: «Түсінісу – рухани бірлікке әкеледі. Ерлі-зайыптылар арасында оған жетер байлық жоқ. Аз күнгі тіршілікте сол рухани бірлікке, үйлесімділікке жете алмай кететіндер қаншама! Судай ағып, желдей есіп, қас пен көздің арасында өте шығатын қысқа өмірді бағалай алмай келеміз. Жұбын жазбай жарасып жүрген аққулар да, аңдысып жүріп ит пен мысық та өтетін жалған дүние ғой». Кітаптың аңдатпасында үйге телефон соғып: «Аға, басыңыздан соғыста өткен бір эпизодты айтып беріңізші» дейтіндер мен алдарынан камерамен шығып: «Аға, сізді әдейі күтіп тұрмыз. Бауыржан атаның балалық шағы туралы әңгіме айтып беріңізші» дейтіндерге автор өкпелегенін жасырмайды. Қай бала әкесінің балалық шағынан әңгіме айтуға құқылы?
Қазіргі журналистердің әкесі мен баласын шатастырып алулары да заманның кемшілігі шығар. Сондықтан Зейнеп Ахметова былай дейді: «Түйенің арқалағаны алтын болса да, жегені тікен дегендей, даңқымен жер жарған әкесі болғанымен Бақытжан тән азабы мен жан азабын қос қабат тартып, жығылып, сүрініп жүріп, өздігінен еңсесін көтерген. Алдында ақыл айтар ағасы, тыныс болар інісі жоқ, медет тұтып сүйенерге мықты панасы жоқ болса да, «Тағдырым ауыр болды» деп ешкімге шағынбапты. Жерде қанша жатса да тот баспайтын алтын секілді өзінің тектілігін, бекзаттығын сақтады. «Хас бекзаттың белгісі – қайғысын жұртқа білгізбес» деген нақыл Бақытжанға арналғандай көрінеді».
Бұл жеңіл оқылатын кітапта қысқа, нақты әзіл мәтіндер келтірілген. Әке мен бала ара қатынасы келесі бір мәтінде орын алған. Астананың он жылдығында Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткішін Елорданың өте бір көрікті жеріне орнатқаны белгілі. Ашылуында көп кісі болыпты. Ертесіне тағы бір көрейік деп арнайы барған кезде жігіттердің біреуі: «Қандай керемет! Сарыарқа төсінде, ерке Есілдің жағасында атамыздың бейнесі қасқайып тұр!» деп желпіне мақтанған. Жайбарақат тұрған Бәкең-Бақытжан Момышұлы былай депті: «Немене, соншама даурығып тұрсыңдар? Аталарыңның үш әйелі Арқаның қызы еді, енді міне, қайынжұртқа келіп, күшік күйеу болып, қоқырайып тұрған жоқ па?!» депті (22-23). Қазіргі оқырманға асыл сөздерді тура осылай қысқа да нұсқа етіп жеткізе білу қажет-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет