Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет45/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Қуандық Түменбаев «Қасқыр мен қояншық» атты шығармасында қояншық ауруы бар Міржақыптың жан азабын көреміз. 25 жасында осы дертке ұшыраған ауыл мұғалім елден шеттетіліп, жалғыздыққа ұшырайды. Балалардың алдынада «П» әрпін түсіндіріп тұрған мұғалім мысал ретінде пайғамбар сөзін айтып қалған кезде «екі құлағы шың етіп» біреу осы сөзді қайталап тұрғандай ес-түссіз құлайды. Содан бері ұстаздықтан шеттетіліп, ауру адам ретінде маңайына үрейлі болып күн кешеді. Ауылдастары ауылға қасқыр жақындады деп үрейленген кезде кейіпкер сол қасқырды іздеп барып онымен тілдеседі. Осы ретте кейіпкер: «Адамдар неге бір-біріне қасқыр?» деген сауалға жауап іздейді. Адамдардан қашқан Міржақып жыртқыш болса да қасқырды жанымен түсінеді. Қалай болғанда да Қ.Түменбаев кейіпкерлерінің істері ішкі жан дүниесінде қалыптасып, содан кейін ғана сыртқы әрекеттерде іске асуда. Адамның сезімі мен оның сыртқы әрекеттері тікелей байланысты екені осы ретте психологиялық тұрғыдан айқындала түскен.
Ұзақбай Доспанбетов «Асылдың сынығы». Бұл шығармада қазіргі қазақ ауылындағы дәстүр мен дәстүрсіздік сөз етілген. Оңтүстікте қазақилық сақталды ғой деп барған журналист кейіпкер саясат қуған ақсақалдар мен қазақи дәстүрден қол үзіп қалған қазіргі замандастарымыздың пенделіктерімен ғана кездеседі. Қазіргі ауылдағы бұрынғы қазақтың қонақжайлығынан айырылып қалуы қасірет ретінде бейнеленген. Шығармада қазіргі тақырып нанымды, нақты көтерілген. «Алтынның сынығы, ескінің сөзін біледі» деп таныстырылған кейіпкердің бүгінгі мүшкіл халі – қазіргі дәстүрден айырылып бара жатқан қазақ ауылының символы.
Қазиев Қарауылбек. Таңдамалы. Бұл жинақтағы «Иманжапырақ» пен «Ақ бантик» мәтіндері классикалық прозаның лирикалық дискурсы атауына лайық. «Ақ бантиктегі» ауыл жастары жас қыз бен жігіттің бір түндегі серуені кезіндегі шынайы сезімдері бейнеленген. Сонымен қатар бұл шығармада келесідей теңеулер ерекше болып табылды: «Тозған кигізше сетіней бастаған қалың бұлт жыртығынан таңғы шық тамшысындай бір жұлдыз су түбінен көрінді» (83). Үш жарым беттік әдемі көркем проза сезім тазалығы, шынайылық, бірақ сонымен қатар балалықпен қоштасу – ақ бантикті ағаш түбіне қалдыру сияқты символдармен көркемделген.
Мамытбек Қалдыбаев. «Жорға мінген жолаушы». Деректі роман. Қазіргі қазақ ауылындағы қарапайым қазақтың тағдырдың ауыр талқысынан өткен, бірақ өзінің қолынан келетін жақсылықтарымен ел құрметіне ие болуына себеп болған істері бейнеленген. Әр қазақ өз ауылы үшін не істей алады деген сауалға бұл шығармада нақты жауап берілгендей. Қазіргі заман кейіпкері – ол міндетті түрде қалталы адам емес, ол пейілі мен кең болуды және қазақ балаларының жолын ашуды өзіне мақсат етіп қойған кейіпкер.
Көсемәлі Сәттібайұлының «Хауа Ананың көз жасы». Әңгімелер. Кітапқа алғысөзді Мархабат Байғұт сияқты қазіргі қазақ прозасының төрінде жүрген азамат жазыпты. «Жазушының «Шарбақтының жалғызы» бүгінгі қазақ әңгімесінің үздік үлгілерінің қатарына жатады. Бұл шығарма Альберт Камюдің «Еркіндік дегеніміз – жалғыздық» және Ф.Достоевскийдің «Біз неғұрлым ұлтжанды болсақ, соғұрлым бүкіл адамзаттық бола түсеміз» деген сөздерін қағидалай қадап келтіріп эпиграф еткен. Байшыкештердің жүгірмектерін бір шымшып өтіп, Шарбақтының қи сасыған мал базарына топ еткізеді сізді. Ғақлия мен ертегілері өз алдына бөлек әңгіме. Көркем әңгіменің әуелгі зергерлері Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, қазіргі шеберлері Дулат Исабеков, Тынымбай Нұрмағамбетов, Несіпбек Дәутайұлынан, т.б. үйрене білген, оларға әрі ұқсайтын, әрі мүлде ұқсамай, өзіндік өрнектерін тапқан талант иесінің жаңа кітабы – жаңа биігі, тың тынысы». Бұл жинақтағы мәтіндер қазіргі әңгіме жанрына қойылатын талаптарға сай жазылған. Шығармаларында қазіргі тақырып пен замандастарымызды ойландырып жүрген рухани мәселелер батыл көтерілген.
Бейбіт Сарыбай. Мейірім. Әңгімелер. Мен оқыған «Бейкүнә күнәһарлар» әңгімесінде ауылдағы жасөспірімдердің өмірі бейнеленген. Ауылдағы ересек балалар уақытын қалай өткізеді? Олардың басты құндылықтары қандай? Қыз балалармен тұңғыш рет ер балалар ретінде араласу қандай қиыншылықтар туғызған? Ер бала үшін алғашқы сезім несімен есінде қалған? Жас балалар үшін адалдық деген несімен ерекше? Сүйрікке өзінің алтыншы Б класында оқитын қызды жақсы көретінін айту адалдықты ұстанғанының белгісі ме? «Мен оны жақсы көріп жүре берем. Кейін ол жігітімен ұрсып қалғанда менімен жүреді. Соған дейін мен оны күтемін дедім». Б.Сарыбай әңгімесі келесі сөйлеммен басталып, осы сөйлеммен аяқталады: «Ей, самолет! Алматыға ала кет!». Бұл лирикалық рефрен ауыл балаларының жаңа өмірге деген үміті!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет