Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты



бет42/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Момбек Әбдікәкімұлы «Күн тұтылған мезгіл» тарихи романның 1-кітабы нақты тарихи оқиғаларға арналған. Оңтүстік Қазақстан шекарасына қатысты мағлұматтар сөз етілген. Тәшкентте 25 жыл бектік еткен Қожамжар би қандай тұлға болған? Жоғарыда айтып өткендей қазіргі тарихшылар айта алмай жүрген тарихи деректер де бұл кітапта баршылық. ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан тарихы, Ташкент шаһары қазақ жері болғандығы романның негізгі тақырыбы. Кітаптың анықтамасында былай делінген: +2
Романда атақты Төле би бабамыздың баласы Қожамжардың Ташкентке бек болғаны тарихи құжаттар негізінде суреттелген. Біз тек қысқа қайырылған тарихи деректерді малданумен шектеліп келдік. Бұл романда қазақ жерінің қадірін білген бабаларымыздың молаларының қай жерде екенінің өзінен қазіргі ұрпақ мағлұмат алуы тиіс деген тектілер ісін көреміз. Бұған дәлел Төле би бабамыздың Ташкентте жерленуі. Романда қазақ билерінің ақылмен билікке ықпал етулері, ел қамын ханға жеткізе білулері ұтымды көрсетілген. Романда хан Абылай, қазақ билері мен батырларының бейнелері нанымды сомдалған. Қазіргі қазақ жастары ата-бабалар істерін мақтаныш ететін оқиғалар Отан үшін, ел үшін деген жан пидалық істері нақты тарихи оқиғалар негізінде суреттелген. Ханның әділ саясаты тек сыртқы саясатта емес, ел ішіндегі істерде ұстанылған кісілігі нақты оқиғалар арқылы айғақталған.
Ата бабалардың тек қара басының қамы емес, елі үшін ат үстінде бейнетпен өткізген күндері туралы нақты мысалдар келтірілген. Қазақтың Оңтүстік шекарасына қалмақ кеткелі маза бермеген Манас ұрпағын да Абылай хан өз орнына қойғаны осы ретте нақтыланған. Абылай хан мен Төле би реттеген бұл мемлекет ісі абыройлы болған. Осының нәтижесінде Қожамжардың Ташкентке 25 жыл билік еткені романда көркем суреттелген. Бірақ Абылай өмірден өткеннен кейін бір жылдан кейін жау бас көтеріп, Жүнісқожаның: «өз қалауыңмен Ташкеннен кет. Кетпесең көз алдыңда әкеңнің зиратын күл-талқан етем» дегені іске аспас үшін Қожамжар Ташкентті тастап кетуге мәжбүр болады.
Тарихи оқиғаларды тура осылай сөз ету қазіргі оқырманның танымдық қажетін өтейтініде анық.
Қайранбай Жұмабай Қоқанұлы «Өмір керуен». Хикаят. Бұл мәтінде де тарихи сюжет орын алған. ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап, ХХ асырдың 30-жылдарына дейінгі хронотоп қамтылған. Әкелі-балалы Сапай мен Батырхан тағдыры арқылы қазақ өмірі суреттелген. Тар жол, тайғақ кешу, шаш ал десе бас алған қуғын-сүргіндер тартымды баяндалған. Белгілі тарихи оқиғалар кейіпкерлердің көрген қасіреттері арқылы берілгенімен роман өз жүгін көтергені анық.
2. Классикалық дискурс.
Қазақ прозасының дәстүрлі дискурсын жалғастырып келе жатқан Қабдеш Жұмаділовтің «Аққуды атпас болар» (хикаяттар, әңгімелер, ой-толғамдар) кітабы қазір жазылғандығымен ерекше. «Аққуды атпас болар» хикаятында Шәкәрім Құдайбердіұлының Саятқорадағы соңғы күндерінің қалай өткені баяндалған.
Шәкәрімнің: «шамасы, Қарашегір бірдене сезетін секілді. Сіз өз өміріңізде құс баласының күрсінгенін көрдіңіз бе? Ал, Қарашегір кейінгі кезде уақ-уақ күрсінетін болып жүр. Шәкәрім соны бірнеше рет естіді: « Көк жүзіне көтерілмегелі көп болды. Іші толып, құса болып отыр-ау? – дейді Шәкәрім ондайда. – Өзі олай-бұлай болып кетсе, бұған кім ие болады? Әлдебір дәлдүрішке қор қылғанша, аспан айдынына ұшырып қоя берген дұрыс шығар» (6). Құстың күрсінгенін суреттеу қазақ әдебиетінде бұған дейін бар екені мен үшін белгісіз. Белгілі оқиғалар бәрін көріп, куәгер болып жүрген нарратордың сөздерімен берілген. Ол Шәкәрімге жаны ашып, болған оқиғалардың куәгері ғана емес, ол кейіпкерлердің қасында жүріп ойларын бағушы. Жазықсыз атылған қажы ақынның елі үшін күңіренген ойлары мен жаңа билікті мойындамаған себептерінің куәсі боламыз.
Қ.Жұмаділов қазіргі тақырыпты да батыл көтеріп келеді. «Шырмауық» атты хикаяттың бірінші сөйлемдері: «Нұрқанат пен Еркебұланның қарым-қатынасын шынайы достық деп атауға келе қоймас» деп басталады. Хикаятта осы сөйлемдегі ой нақтылана түседі. Астанда жүрген екі жас шенеуніктің қазіргі нарық заманға сай қалыптасқан пенделік арақатынастары айғақталады. «Баяғы мектепте, университетте оқып жүргенде, Нұрғанат – тал, Еркебұлан соған оралған шырмауық сияқты еді. Енді Еркебұлан – тал, Нұрғанат шырмауыққа айналғаны ма? Не істейсің, «дүние-кезек» деген сол. Әйткенмен, бұл тірлікте тал бол, шырмауық бол, жарық дүниеге талпынып, өніп-өскенге не жетсін!» Шығармада қазіргі тақырып бүгінгі шен мен қарны тоқтықты ғана мақсат еткен шенділер бейнесін Қ.Жұмаділов әдемілеп, күрсініп отырып бетімізге басқан. Өмірінің қалай өтіп жатқанын ойлауға мұршасы болмай жүрген қазіргі жастарымыздың пенделік «достығы» осылай айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет