Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Халықаралық деңгейдегі азық-түлік



Pdf көрінісі
бет4/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

1.2. Халықаралық деңгейдегі азық-түлік 
қауіпсіздігінің проблемасы
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бірнеше онжылдықтар-
мен өлшенетін тарихы бар. Əлемдік қауымдастық бұл сұрақпен 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдерді азық-
түлікпен қамтамасыз ету проблемасының өткірлігі өскен кезде 
саналы түрде айналыса бастады. Осы кезеңде құрылған Біріккен 
Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өз Жарғысында басқа да кезек күттірмейтін 
міндеттердің арасында адам тамағының тапшылығын жеңуді 
қадап көрсетті.
Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларымен жүйелі түрде БҰҰ жəне 
оның атқарушы органдары, соның ішінде бүкілəлемдік азық-түлік 
қауіпсіздігі Комитеті айналысады. 1996 жылдың қазанында Римде 
XXII сессия өтті, онда «Бүкілəлемдік азық-түлік қауіпсіздігінің Рим 
декларациясы» қабылданды. Декларация азық-түлік мəселесі бой-
ынша жоғары деңгейдегі Бүкілəлемдік кездесуде мақұлданды (1996 
ж, қараша). 
БҰҰ азық-түлік қауіпсіздігі ең біріншіден ғаламдық деңгейде 
қарастырылады. Басты мақсат 2015 жылға дейін ашыққандардың 
санын қазіргі деңгеймен салыстырғанда екі есеге төмендету бо-
лып отыр. Қазіргі уақытта бүкіл əлем бойынша 800 млн адам тағам 
өнімдерінің тапшылығын бастан кешіруде. Мұның негізгі себебі 


7
төмен кіріс, сұрапылды жəне антропогенді апаттар болып табылады. 
Бұдан басқа да қарама-қайшы əсерлер қоршаған ортаны нашарла-
тып, халықтың өсуіне кері əсерін тигізуде.
Бүкілəлемдік кездесуге қатысушылар азық-түлік жағдайын жақ-
сарту мақсатында əлемдік қауымдастық қабылдаған міндеттер мен 
іс-шараларды біріктіретін əрекет Жоспарын мақұлдады (
1.1-ке-
сте). Бұл азық-түлік қауіпсіздігі кешенді міндеттерді құрайтынын 
куəландырады, жəне оның жүзеге асырылуына барлық мемлекеттер 
өз үлестерін қосуы тиіс.
1.1-кесте. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет