151
11. Фосфорорганикалық, сынапорганикалық жəне металқұрам-
дас пестицидтерге сипаттама беріңіз.
12. Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің
қалдықты мөлшерлерін
анықтау үшін талдаудың қандай əдістері қолданылады?
13. Сізге полигалогенделген көмірсутегілердің қандай топтары
белгілі? Олардың қоршаған ортаға жəне тағам өнімдеріне түсуінің
негізгі жолдарын көрсетіңіз.
14. Полигалогенделген көмірсутегілердің адам ағзасына уытты
əсерін сипаттаңыз.
15. «Диоксин фоны» түсінігін қалай түсінуге болады?
16. Тағам өнімдері жəне тағам шикізатына нитраттар, нитриттер
жəне нитрозаминдер түсуінің негізгі қандай көздері бар?
17. Азот қосылыстарының адам ағзасына əсерін
сипаттаңыз, осы
қосылыстардың потенциалды қаупін көрсетіңіз.
18. Сертификаттау сынақтарының тəжірибесінде тағам өнім-
деріндегі нитраттар, нитриттер жəне нитрозаминдерді анықтаудың
қандай əдістері бар?
19. Полициклды ароматтық көмірсутегілердің уытты əсерін
сипаттаңыз.
20. Қандай заттар өнімдердегі канцерогенды
ПАК-дің қатыс уин-
ди-каторлары болып табылады?
21. Бенз(а)пиренді анықтау үшін талдау əдістерінің қандай
түрлері қолданылады?
22. Гормондар жəне гормональды белсенді заттардың жіктелуі-
нің негізіне қандай қағида салынған.
23. Ауылшаруашылығы жануарларын өсіру үшін қолданылатын
гормо-нальды препараттардың потенциалды қауіптілігі неде?
24. Тағам өнімдеріндегі антибиотиктердің
потенциалды
қауіптілігін сипаттаңыз.
25. Антибиотиктердің қалдықты мөлшерін қандай əдістермен
анықтау мүмкін болады? Осы талдау əдістерін сипаттаңыз, олардың
артықшылықтарын жəне кемшіліктерін көрсетіңіз.
26. Тағам өнімдеріне түсу көздеріне жəне адам жəне жану-
ар ағзасына уытты əсер көрсетуіне байланысты əртүрлі топтағы
микотоксиндерді сипаттаңыз.
27. Қай өнімдерде жəне қандай микотоксиндер нормаланады?
Өнімдердегі микотоксиндер мөлшерінің шектелген деңгейі қандай?
28. Микотоксиндерді талдау əдістерінің қандай түрлері
скрининг-
əдіске жəне арбитражды əдіске жатады? Неліктен?