158
Сары майда қаймағы алынбаған сүт құрамындағы жалпы цезийдің
тек 2 %-ы ғана сақталады.
Радионуклидтерден қорғау қасиеті бар тотығуға қарсы
заттек-дəрумендерін (А, Е) тұтынуды жоғарылату іс-шаралары
тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың
негізгі бағыттарының біріне жатады. Сондықтан тағамдарға
мүмкіндігінше əртүрлі өсімдік майлары, зəйтүн, жүгері,
күнбағыс (күніне 2-3 ас қасықтан) майларын қолдану ке-
рек. Радионуклидтер, соның ішінде цезийдің ағзадан шығуын
жылдамдатуға аскорбин қышқылы (С дəрумені), қымыздық жəне
лимон қышқылдарының қабілеті бар. Радионуклидтердің ағзаға
сіңу жəне жиналу процесін тежеу үшін асқазан-ішек жолдары-
на енген радионуклидтердің ағзаны сəулелеу уақытын азайту
үшін ішектің белсенді қозғалуына жағдай жасау керек. Бұған
тағам талшықтарынан тұратын өнімдерді: ірі тартылған ұннан
əзірленген нан, арпа жəне қарақұмық жармасы, суық жеміс жəне
көкөніс сорпалары, қайнатылған жəне шикі көкөніс тағамдары,
сонымен қатар айран, қымыз, ұйыған сүтті тұтыну септігін
тигізеді.
Тағам рационы ағза реакциясына тек сəулеленудің жоғары
деңгейінде ғана емес, сонымен қатар кіші дозалардың ұзақ уақыт
бойы ағзаның ішкі ортасын сəулелеуі кезінде де шешуші əсер
жасауға қабілетті. Ағзаның ішкі ортасына радионуклидтердің түсуін
реттеу үшін рационға радионуклидтерден қорғайтын, иммунитетті
арттыратын немесе бейімдеу əсерлері бар өнімдер мен заттарды
енгізу арқылы адам ағзасының ішкі органдарының сəулеленуінен
туындайтын зардаптарды төмендетудің шынайы жолын табуға бо-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: