153 ІV БӨЛІМ. АЗЫҚ-ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ Радиоактивтілік – кейбір элементтер атомдарының нөмері
мен массалық санын өзгеріске ұшырататын атом ядроларының
өзіндік ыдырауы. Радиоактивті ыдырауды тоқтату немесе тездету
мүмкін емес, жартылау ыдырау кезеңі – уақытпен өлшенетін, қатаң
анықталған жылдамдықпен жүзеге асырылады, осы кезеңде барлық
атомдардың жартысы ыдырайды. Радиоактивті элементтердің ыды-
рауы иондайтын сəулелердің ағындарымен бірге жүреді, олардың
əрқайсысы өзінің физика-химиялық қасиеттерімен сипатталады:
альфа-сəулесі-жылдамдығы 20000 км/с жететін, оң зарядталған
бөлшектер (гелий атомы) ағынын құрайды; оң зарядтардың болуы
себебінен магнит өрісінде α-бөлшектер ауытқиды (солтүстік по-
люске). Бета-сəулесі – жарық жылдамдығымен қозғалатын теріс
зарядталған бөлшектер ағыны; теріс зарядтардың болуы себебінен
электрондар магнит өрісінде ауытқиды (оңтүстік полюске). Гамма-
сəулесі – қасиеті жағынан рентген сəулесіне ұқсас, қысқа толқынды
магнит сəулесі; жарық жылдамдығымен бірге таралады, маг-
нит өрісінде ауытқымайды, бірнеше мыңнан бірнеше миллион
электронвольтқа дейінгі жоғары энергияға ие.
Өлшем бірліктерінің СИ жүйесінде радиоактивтіліктің өлшем
бірлігі – беккерель (Бк) – секундына бір ядролық айналысты сипат-
тайды.
Халықтың сəулелену деңгейін эквивалентті доза бірлігі – зи-
вертпен (Зв) бағалайды. 1 зиверт – салмағы 1 кг-дық биологиялық
тін өз бойына сіңірген, фотондық сəуленің 1 грэйінде сіңірілген
доза сияқты биологиялық эффект түзетін, кез келген сəуле түрінің
эквивалентті дозасы. 1 грэй (Гр) – бұл салмағы 1 кг-дық сəулеленген
затқа берілген, кез келген иондалатын сəуле түрінің 1 Дж энергиясы-
на сəйкес келетін сіңірілген сəуле мөлшері.
Жердің радиациялық фоны:
• ғарыштық сəуле;
• топырақ, су, ауа, басқа да қоршаған орта нысандарының
құрамындағы табиғи радионуклидтер;
• адам қызметі нəтижесінде пайда болған жасанды радио-
нуклидтер (мысалы, ядролық сынау); медицинада, техникада,
154 ауылшаруашылығында қолданылатын радиоактивті қалдықтар
жəне жеке радиоактивті заттар сияқты 3 компоненттен тұрады.
Адам алатын сəуленің табиғи көздеріне мыналарды жатқызады: