Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің



Pdf көрінісі
бет82/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

4.2. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 
нормативтік-құқықтық базасы
«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 
сəуiрдегi 
N:219-1 Қазақстан Республикасының Заңы (2006.29.12. берілген 
өзгерістер мен толықтыруларымен) қабылданған. Осы Заң 
халықтың денсаулығын иондаушы сəулелендірудің зиянды əсерінен 
қорғау мақсатында оның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді («Халықтың 


159
радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сəуiрдегi 
N:219-1 Қазақстан Республикасының Заңы). Сонымен қатар 
«Ядролық жəне радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін 
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 
30 шілдедегі № 768-Қаулысы, «Радиациялық қауіпсіздік норма-
лары – РҚН-99», «Радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің 
негізгі санитарлық ережелері – РҚҚНСЕ-99» жəне т.б. нормативтік 
құжаттар бар.
Қазақстан Республикасының аумағында дайындалатын, сырт-
тан əкелінетін жəне айналымдағы тағам өнімдерінің қауіпсіздігі 
жəне тағамдық құндылығы цезий-137 жəне стронций-90-ның 
үлесті белсенділігі бойынша Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 6 тамызындағы 
№ 611-бұйрығымен бекітілген «Тағам өнімдеріне қойылатын-
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ере-
желеріне сəйкес келуі керек. Тағам өнімдері қазіргі жəне болашақ 
ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін радиоактивті заттардың 
рұқсат етілетін мөлшері бойынша бекітілген нормативтік 
құжаттардың талаптарына сəйкес келуі керек.
Тағам өнімдерінің əр партиясына сапа жəне қауіпсіздік, соның 
ішінде радиациялық қауіпсіздігі куəлігін толтыру қажет. Сəйкестігі 
«Тағам өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық 
талаптар» санитариялық ережелеріне расталатын, радиоактивті 
заттардың мөлшері туралы тиісті құжаттарда белгісі жоқ өнім түскен 
жағдайда, жабдықтаушы нормаланатын радионуклидтердің мөлшері 
бойынша өнімнің əр тобының құрамына міндетті түрде зерттеу 
жүргізіледі. Тағам өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігі цезий-137 
жəне стронций-90-ның үлесті белсенділігінің рұқсат етілетін деңгейі 
бойынша анықталады.
Радиациялық қауіпсіздік критерилері бойынша тағам өнімдерінің 
сəйкестігін анықтау үшін мəнін, сынамадағы цезий-137 жəне 
стронций-90-ның үлесті белсенділігін өлшеу нəтижесі арқылы 
есептейтін В сəйкестік көрсеткіші қолданылады:
)
/
(
N
A
 
B = (A/H)
Sr
90
 +(A/H)
ɋ
s
137
 
Мұндағы, А-тағам өнімдеріндегі 
90
Sr жəне 
137
Cs үлесті белсенділігі, 
Бк/кг; 
Н-сол өнімдегі 
90
Sr жəне 
137
Cs үлесті белсенділігінің рұқсат 
етілетін деңгейі, Бк/кг.


160
Басқа радионуклидтермен ластанған тағам өнімдерінің ра-
диациялық қауіпсіздігі – радиациялық қауіпсіздік нормалары бой-
ынша санитарлық ережелермен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет