1. Мономерлер. Типтік өкіліне – стирол (винилбензол) жатады,
өзіне тəн иісі бар, 146
0
С температурада қайнайтын түссіз сұйықтық,
ОАРЕМ – 0,01мг/л тең, полистирол алу барысында қолданылады.
Эпихлор-гидрин – тітіркендіретін иісі бар, 116
0
С температурада
қайнайтын түссіз сұйықтық, құрамында хлордың болуына байла-
нысты жоғары биологиялық белсенділікке ие, ОАРЕМ – 0,1 мг/л-ге
тең. Винилхлорид – 13,8
0
С температурада қайнайтын иіссіз түссіз
газ, ОАРЕМ – 0,01мг/л-ге тең.
2. Полимерлеудің катализаторлары жəне инициаторлары. Ережеге сай катализаторлар ретінде бейорганикалық қосылыстар
қолданылады. Олардың полимердегі қалдықты мөлшері күлділік
мөлшерімен сипатталады. Тағам өнімдерімен жанасатын полиэти-
лен күлділігі 0,02 %-дан аспауы тиіс. Инициаторлар ретінде оттегі
органикалық жəне бейорганикалық асқын тотықтар, гидроасқын
тотығы жəне диазоқосылыстар қолданылады. Олардың полимерлі
материалдардағы мөлшері 0,2 %-дан аспауы тиіс.
3. Тұрақтандырғыштар полимерлердің қасиеттерін сақтау
үшін қолданылады, олар антиоксиданттарға, антиозонат, жарық-
жəне жылутұрақтандырғыштар жəне басқаларға бөлінеді.
Жылутұрақтандырғыштар арасында кальций, мырыш, барит,
қорғасын жəне басқа металдардың стеараттары кең тараған. Каль-
ций жəне мырыш стеараттарының уыттылығы аз, ал басқа белгілі
стеараттар жоғары уыттылыққа ие.
4. Пластификаторлар. Полимерлі материалдардың созы-
лымдылығын жəне серпімділігін арттыру үшін, полимерлі
материалдарға мұз-, су-, майға төзімді болу қасиетін беру үшін
169 қолданылады. Глицерин, парафин майы, этаноламиндер, фталь,
себацин, адипин жəне лимон қышқылдарының эфирлері, төмен
молекулалы полиэфирлер, стеарин қышқылы жəне оның тұздары
(кальций жəне мырыш стеараттары), ацетилтрибутилцитрат, этол-
гексилфе-нилфосфат жəне т.б. кеңінен қолданылады. Көрсетілген
пластификаторлардың уыттылығы жоқ.