Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Сулы сорындыларды (вытяжка) зерттеу



Pdf көрінісі
бет89/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

Сулы сорындыларды (вытяжка) зерттеу. Иісті бағалау 5 
балдық шкала бойынша жүргізіледі. Иісі 1 балдан аспайтын ма-
териалдар оң бағаға ие болады. Дəмін əлсіз, анық білінетін жəне 
күшті деген сөздермен сипаттайды: Дəмі – бөтен, ащы, ашқылтым, 
мұнай өнімдеріне тəн жəне т.б. болады. Стандарттарда қабылданған 
органолептикалық қасиеттерден ауытқуы – тағам өнімдерімен жа-
насатын материалдарды қолдануға тыйым салуға негіз болып табы-
лады.
Санитарлық-химиялық зерттеуге мыналар кіреді:


171
1. Заттардың жиынтық санын анықтау. Орын ауыстыратын 
заттардың жиынтық санының көрсеткіштеріне қышқылдану, бром-
дайтын заттардың саны, құрғақ қалдық, су сорындылары (вытяж-
ка) рН-ының өзгеруі, зерттелетін қосылыстардың спектрін анықтау 
жұмыстары жатады. Бромдайтын заттар мөлшері жəне қышқылдану 
көрсеткіштерінің жоғары болуы органикалық қосылыстардың бар 
екендігін куəландырады. Бекітілген нормаларға сəйкес жекелеген 
компоненттерді талдап, оларға сандық бағалау жүргізгеннен кейін 
тағам өнімдерімен байланысқа түсетін материалдарды қолдану 
мүмкіндігі жөніндегі соңғы қорытынды жасалуы мүмкін.
2. Материалдардың жекелеген компоненттерін талдау. Тиісті 
қорытынды берілгеннен кейін тағамға арналған қаптау бұйымдарында 
«Тағам өнімдеріне арналған», «Құрғақ тағам өнімдеріне арналған», 
«Суық суға арналған» жəне т.б. таңбалар қойылады.
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары
1. Не себепті тағам өнеркəсібі, қоғамдық тамақтандыру жəне 
саудада қолданылатын полимерлер мен басқа материалдар тағам 
өнімдерінің бөгде химиялық заттармен ластану көзі болып табы-
лады?
2. Тағам өнімдерін ластауы мүмкін полимерлі жəне басқа матери-
алдар токсиканттарының негізгі топтарын атаңыз.
3.Полимерлі жəне басқа материалдарды қолдану қауіпсіздігін 
бақылау қалай жүзеге асырылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет