Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет85/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

5.2. Тағамдық қоспалардың қолданылуын 
гигиеналық бақылау
Тағам өнеркəсібі жəне қоғамдық тамақтандыруда тағамдық 
қоспаларды қолдану нормативтік-техникалық құжаттармен, «та-
ғамдық қоспаларды қолдануға қатысты санитарлық ережелер», 


166
«Азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдері сапасына қойылатын 
медика-биологиялық талаптары мен санитарлық нормаларымен» 
жүзеге асырылады. 
МемСТ жəне техникалық шарттарда тағамдық қоспаларды 
«Шикізаттар жəне материалдар» бөлімінде көрсетеді. Егер тағамдық 
қоспаларды пайдалану регламентінің бұзылуы өнімнің қауіпсіздік 
жəне тағамдық құндылығы деңгейінде анықталса, онда тағамдық 
қоспалардың қызметін сипаттайтын көрсеткіштер (түс, дəм, 
иіс, жəне т.б.) нормативтік құжаттардың физика-химиялық жəне 
органолептикалық көрсеткіштер тізіміне шығарылады, онымен қоса 
тағамдық қоспаларын сынау əдістері келтіріледі. Қолданылатын 
тағамдық қоспалар тағам өнімдерін таңбалау барысында көрсетілуі 
тиіс.
Қолданылатын тағамдық қоспалардың гигиеналық бақылауын 
Мем-лекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органда-
ры жүзеге асырады. Өндіріске жаңа тағамдық қоспаларды енгізу 
үшін гигиеналық сертификат қажет. Тағам өнімдерінің нормативтік 
құжаттарына қосылған тағамдық қоспалардың қолданылуын 
бақылауды Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде аккредиттелген 
сəйкестікті растау органдары жүзеге асыруы мүмкін. 
Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген тағамдық 
қоспалардың тізімі оларға қатысты сұраныстың өсуіне, əсіресе жаңа 
қоспаларды əзірлеу жəне олардың қасиеттерін зерттеу барысында, 
біздің елде қабылданған санитарлық нормаларға, жаңа халықаралық 
жəне еуропалық қауіпсіздік стандарттарына бейімдеу, икемдеу 
əрекетіне байланысты, тұрақты түрде кеңеюде жəне түзетілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет