Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


7.3. Биологиялық белсенді қоспалардың қолданылуын бақылау



Pdf көрінісі
бет93/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

175
7.3. Биологиялық белсенді қоспалардың қолданылуын бақылау
ББҚ-ды дəрі ретінде емес, жоғарыда сипатталған қолдану 
бағыттары бар тағам өнімдерінің жеке топтары ретінде қарастыру 
қажет.
Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды құрғақ жəне 
сұйық концентраттар, экстракттар, тұнбалар, бальзамдар, изолят-
тар, ұнтақтар, сироптар, таблеткалар, драже, капсула жəне басқа 
түрлерін техникалық шарт, технологиялық инструкциялар жəне 
рецептураларға сəйкес əзірлейді.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы ББҚ-ды мемлекеттік 
тіркеу жүйесі, олардың сапасын жəне қауіпсіздігін бағалау 
əрекеттері əлемдік тəжірибеге, жекелеп айтқанда, «Кодекс Али-
ментариус» комиссиясының ұсынымдарына жəне Канада, Герма-
ния, Ұлыбритания жəне басқа елдер, соның ішінде АҚШ-тың тағам 
өнімдері, медициналық препараттар жəне косметикалық құралдар 
жөніндегі 20.01.1999 жылғы федералдық актісіне сəйкес келеді
Əлемдік жəне отандық тəжірибені ескере отырып, Қазақстанда 
БАҚ өндірісін жəне өткізілуін бақылау жүйесі əзірленген. 
Қолданыстағы нормативтік құжаттар негізінде сапасын жəне 
қауіпсіздігін анықтайтын ББҚ – ның тұтыну қасиетін бағалайтын 
əдіснама бекітілген.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама:
– берілген өнімді сипаттайтын өтініш, құжат жəне материалдар-
ды біріншілік сараптамалық бағалау;
– қажет деп саналатын сынақтарды (бастапқы мəліметтердың 
толықтығы жəне ББҚ-дың ерекшелігіне байланысты) жүргізу 
қажеттілігін анықтау;
– химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық жəне басқа 
да зерттеу түрлерін жүргізу жəне қарастырылып отырған өнімнің 
қауіпсіздігін жəне шынайылығын растау мақсатында олардың 
нəтижелерін бағалау;
– ББҚ - дың мəлімделген тиімділігін жəне қауіпсіздігін рас-
тайтын (қажет болған жағдайда) токсикологиялық, физиологиялық 
жəне метаболикалық əсерлерінің эксперименталды зерттеулері;
– ББҚ тиімділігін клиникалық бағалау (қажет болған жағдайда);
– эксперименталды жəне клиникалық сынақтар жəне ба-
қылаулардың нəтижелерін бағалау;
- сараптама қорытындысын дайындау жəне рəсімдеу;


176
– тіркеу куəлігін дайындау жəне рəсімдеу сияқты іс-шаралардан 
тұрады.
Қазақстанда алғаш немесе жаңа енгізілген ББҚ – ға сапа жəне 
қауіпсіздік талаптарына сəйкес қосымша іс-шаралар енгізілген 
(себебі бұл талаптар қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық 
ережелер жəне нормативтерде жоқ):
– нормативтік жəне (немесе) техникалық құжат жобасында жаңа 
өнім əзірлеушінің негіздемесі (дəлелі);
– құрамы жəне қасиеттері ұқсас басқа да өнімдердің қолданыстағы 
санитарлық нормалар жəне гигиеналық нормативтерге сəйкестігі;
– өнім өндірілген елге қойылатын талаптарды сақтау;
– халықаралық ұйымдардың ұсынымдары.
Үш жасқа дейінгі балалар тағамына арналған биологиялық 
белсенді қоспалардың санитарлы-эпидемиологиялық сараптама-
сын жүргізу барысында ББҚ-дың құрамында табиғиға ұқсас жəне 
синтетикалық заттар болмауы тиіс.
ББҚ-ды органолептикалық бағалау ереже бойынша тауарлық 
сараптаманың бірінші кезеңінде жүргізіледі. Оның нəтижелері 
тіркеуден өткізбеу жəне қосымша физика-химиялық жəне 
микробиологиялық зерттеулерді жүргізу жұмыстарына негіз болуы 
мүмкін.
ББҚ-дың қаптамасына қойылатын талаптар. ББҚ айналымының 
барлық кезеңінде оның қаптамасы ББҚ-дың сақталуын жəне са-
пасын қамтамасыз етуі тиіс. ББҚ-ды қаптау барысында бекітілген 
тəртіпте тағам өнімдері немесе дəрілік құралдармен байланыста 
болуға рұқсат етілген материалдар қолданылуы тиіс, ақпарат – 
ББҚ қаптамасына зат белгідегі тұтынушыға арналған ақпаратты 
регламенттейтін, қолданыстағы заңдық нормативтік құжаттарға 
сəйкес енгізіледі.
Жеке немесе көлік қаптамасына енгізілген тұтынушыға арналған 
ақпарат:
– ББҚ атауы;
– өндірушінің тауарлық белгісі (болған жағдайда);
– міндетті талаптарына ББҚ сəйкес болуы тиіс техникалық 
құжаттардың атауы (Қазақстан жəне ТМД елдерінде өндірілетін 
ББҚ үшін);
– салмақтық жəне пайыздық түрдегі кему тəртібіне байланысты 
ингредиенттері көрсетілген ББҚ құрамы;
– ББҚ – дың негізгі тұтыну қасиеттері;


177
– тұтыну қаптамасының бірлігіндегі ББҚ салмағы немесе көлемі 
жəне өнім бірлігінің салмағы немесе көлемі;
– жекелеген ауру түрлері кезінде қолдануға қарсы көрсетілуі;
– ББҚ дəрі болып табылмайтыны туралы нұсқау;
– өндірілу мерзімі, кепілдік жарамдылық мерзімі немесе (жəне) 
өнімді өткізудің (сату) соңғы мерзімі;
– сақтау мерзімі;
– ББҚ-дың нөмері жəне мерзімі көрсетілген мемлекеттік тіркеу;
– өндірушінің (сатушы) орналасқан жері, атауы жəне өндірушінің 
(сатушы) тұтынушылардан шағым қабылдайтын ұйымның ор-
наласқан жері жəне телефоны сияқты мəліметтерден тұруы тиіс.
Тұтынушы ақпаратты кез келген қолжетімді формада оқи ала-
ды. ББҚ зат белгісінде өнім атауына «экологиялық таза өнім» 
термині жəне басқа да терминдерді қолдануға заңдық жəне ғылыми 
негіздемесі болмаса, рұқсат етілмейді.
Тұтынушы алдындағы ББҚ сапасы жəне тиімділігі жөніндегі 
жауапкершілік өнімді өндіруші жəне əзірлеушіге жүктеледі, олар 
өнімдегі регламенттелген биологиялық белсенді заттар құрамының 
сақталуына, қолжетімді болуы, қауіпсіздігі жəне адам ағзасына 
сіңірілуіне кепілдік беруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет