7.1. Биологиялық белсенді қоспалардың заңнамалық жəне нормативтік базасы. Терминдер жəне анықтамалар Қазіргі уақытта
биологиялық белсенді қоспаларды өндіру, өт-
кі зу, қауіпсіздігі жəне тиімділігі саласында «Тамақ қауіпсіздігі
тура лы» жəне «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық са-
лауаттылығы туралы
» заңдарына сəйкес ҚР Денсаулық сақтау
министрлігінің 2010 жылғы 6 тамызындағы №611-бұйрығымен
бе
кітілген «Тағам өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпиде-
миологиялық талаптар» жəне басқа да санитарлық ережелер жəне
нормалар қолданылады.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сəйкес келесі терминдер
жəне анықтамалар қабылданған:
Тамаққа биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – тамаққа
биологиялық белсенді қоспалар байыту мақсатымен немесе
парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау
үшін жеке қолдануға немесе тағамдық азық-түлік құрамына енгізуге
арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары.
Нутрицевтиктер – қосымша нутриент көздері белок, амин-
қышқылдары, майлар, көмірсулар, дəрумендер, минералды зат-
тар жəне тағамдық талшықтар ретінде адам тағамының химиялық
құрамын түзетуге қолданылатын ББҚ.
Парафармацевтиктер – физиологиялық шекте органдар жəне
ағзаның функционалды белсенділігін қолдау, профилактикасы жəне
қосымша терапия мақсатында қолданылатын ББҚ.
Пребиотиктер – ішектің қорғаныс микрофлорасының өсімін
жəне (немесе) биологиялық белсенділігін іріктелген түрде ынталан-
дыратын, оның қалыпты құрамын жəне белсенділігін сақтап тұратын
тағамдық заттар.
Пробиотикалық микроағзалар – адамның асқорыту жолында-
ғы микрофлоралардың биологиялық белсенділігін, қалыпты құ-
174 рамын сақтап, қалыпты ішек микробиоценозын қорғау тобына жа-
татын жəне табиғи симбиотикалық ассоциацияларын беретін ау ру
жəне уландырғыш қасиеті жоқ тірі микроағзалар (Bifi dobacte rium,
Lactobacillus, Lactococcus, Propionibacterium жəне т.б. туыстары).