Пробиотикалық өнімдер – тірі пробиотикалық микроағзалар
жəне пробиотиктерді қосу арқылы дайындалған тағам өнімдері.
ББҚ сапасы – ББҚ тұтыну қасиетін, тиімділігін жəне қауіпсіздігін
сипаттайтын сипаттамалардың жиынтығы.
ББҚ қауіпсіздігі – қазіргі жəне болашақ ұрпақтың өміріне жəне
денсаулығына қауіптің болмауы.
Фальсификатталған (бұрмаланған) ББҚ – əдейі өзгертілген
(жасанды) жəне (немесе) жасырын қасиеті жəне сапасы бар, əдейі
толық емес немесе күмəнды ақпараты бар ББҚ.
ББҚ-ды идентификациялау (сəйкестендіру) – нормативтік,
техникалық құжаттарға жəне ББҚ-дың ілестірілген құжаттарында
жəне зат белгісіндегі өнім, материал жəне бұйым туралы туралы
ақпаратқа белгілі биологиялық белсенді қоспалардың сəйкестігін
анықтайтын қызмет.
ББҚ айналымы – сату-сатып алу (соның ішінде экспорт жəне
импорт) жəне басқа да өткізу əдістері (одан кейін-сату, өткізу) жəне
оларды сақтау жəне тасымалдау.
ББҚ-ды қайта өңдеу – тағам өнімдері, материалдар жəне
бұйымдардың əдеттегі қолданысынан тыс, сапасыз жəне қауіпті
тағам өнімдерін, материалдар жəне бұйымдарды қолдану.
7.2. Биологиялық белсенді қоспалардың жіктелуі ББҚ келесі топтарға бөлінеді:
– ағзаның əртүрлі функционалды жағдайларында көмірсу, май,
белок, дəрумендік жəне басқа да зат алмасу түрлерін оңтайландыру
үшін тағамдық жəне биологиялық белсенді заттардың қосымша
көздері ретінде;
– адам ағзасының органдары жəне жүйесінің функционалды
жағдайын қалыптандыру жəне (немесе) жақсарту үшін, соның ішінде
жеке немесе өнім құрамында, əртүрлі функционалды жағдайларда
жалпы күшейткіш, жеңіл зəр айдағыш, сергітетін, тыныштандыра-
тын жəне басқа да əсерлері бар;
– ауру қаупін төмендету үшін, асқазан-ішек жолдары микро-
флорасын қалыптандыру үшін, энтеросорбенттер жəне басқалар.
ретінде қолданылады.