Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет59/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   196
кел  сөзін  алайық.  Мен  оның  істегенін  алдына  кел-тір-дім.  Өзгелік 
етістің жұрнағы жалғанғанымен, өзгелік мағынасы жоқ. Қимыл иесі - 
мен. Демек, тек сабақтылық мәні ғана пайда болып тұр. 
Осындай,  салт  етістіктің  өзгелік  етіс  жұрнағы  арқылы  сабақты 
етістікке  айналуын  тіл  ғылымында  етістіктің  каузатив  формасы 
(каузативная форма глагола) деп атайды. 
Болымды және болымсыз етістіктер. Амал не іс-әрекеттің болу-
болмауы  туралы  түсінік  –  табиғи  нәрсе.  Болымды-болымсыздық 
категориясы  –  барлық  сөз  табына  тән  категория.  Олардың  берілу 
формасы  әр  түрлі  болып  келуі  мүмкін,  ал  болымды-болымсыздық 
туралы мағына барлық сөз таптарында көрінеді. Мысалы, адам - адам 
емес, ақ - ақ емес, үшеу - үшеу емес, алыс -алыс емес т.б. Сондай-ақ 
саясат – бисаясат, шара - шарасыз, қам - бейқам т.б. 
Болымды-болымсыздық  категориясы  есімдерде  үш  түрлі  форма 
арқылы беріледі: 
1. 
Емес сөзінің тіркесуі арқылы. 
2. 
Тілде өте сирек кездесетін би, -бей, префикстері арқылы. 
3. 
Мағыналары  қарама-қарсы  болып  келетін  антонимдер 
арқылы. 
Мысалы, ақ-қара, үлкен-кіші, аз-көп, кәрі-жас т.б. 
Болымды-болымсыздық категориясы сол сияқты, етістікке де тән 
болып  келеді.  Етістіктердегі  бұл  категорияның  берілуі  есімдерге 
қарағанда өзгеше болып келеді. 


 
100 
Етістіктің  болымды  мағынасы  арнайы  көрсеткіштер  арқылы 
жасалынбайды.  Яғни,  етістіктің  болымды  түрі  түбір,  туынды  түбір 
және күрделі етістік түрінде келетін етістіктерден тұрады. 
Етістіктің  болымсыздық  категориясы  екі  түрлі  тәсілмен 
жасалады: 
1.Синтетикалық тәсіл арқылы жасалыну жолы етістіктің түбіріне 
(негіз,  туынды  түбір,  күрделі  етістік),  етіс  жұрнағынан  кейін,  кейде 
етіс жұрнағынсыз да болымсыздық мәнін беретін –ма, -ме, -ба, -бе, -
па,  -пе,  жұрнағының  жалғану  арқылы  жасалады.  Мысалы,  аш-ашпа, 
көр-көрме, кел-келме, оқы-оқыма, кешік-кешікпе, бас-баспа т.б. 
Міне,  осы  жұрнақтар  арқылы  істің  не  амалдың  болғанын, 
болатынын 
емес, 
болмағанын 
не 
болмайтынын 
білдіреді. 
Болымсыздық  формасын  қабылдаған  етістік  өзінен  кейін  рай,  шақ, 
есімше,  көсемше,  категорияларын  береді.  Мысалы,  келмегісі,  кел, 
келмеді, келмеген, келмеп еді т.б. 
Болымсыздық  формасын  күрделі  етістіктерге  де  жалғай  береді. 
Стильдік  мақсатқа  сай  болымсыздық  жұрнағы  кейде  жетекші 
етістікке, кейде көмекші етістікке, ал кейде екеуіне бірдей жалғанып 
келеді.  Мысалы,  келмей  қойды,  келе  қоймады,  келмей  қоймады
Соңғысының  қолданысы  белгілі  бір  стильдік  талапқа  бағытталған, 
семантикалық  мәні  де  алдыңғылардан  бөлек.  Яғни,  болымсыздықты 
білдіреді. 
Отыр, жүр, тұр  қалып етістіктеріне болымсыздық жұрнағы да, 
сұраулық  шылау  да  жалғана  береді.  Басқа  етістіктердің  негізіне 
сұраулық шылау тіркесіп келіп айтылмайды. Мысалы, отыр-ма, жүр-
ме, тұр-ма – бұлар болымсыз формалар.  Ал отыр ма, жүр ме, тұр 
ма – бұлар сұрау мәнді тұлғалар. Бұларды бір-бірінен екпін өзгешелігі 
арқылы  айыра  аламыз.  Отырма,  жүрме,  тұрма  болып  келетін 
болымсыз формалар сен деген есімдігімен қиысып келіп сен отырма, 
сен  жүрме  сен  тұрма  формасында  қиысады  және  болымсыздық 
жұрнақтарына екпін түспейді. 
Ал сұраулық шылаулы форма отыр ма, жүр ме, тұр ма ІІІ жақ 
жіктеу есімдігі ол, олармен ол отыр ма, ол жүр ме, ол тұр ма түрінде 
келіп қиысады және олар (сұраулы шылаулар) екпінге ие болады. 
2.  Аналитикалық  тәсіл  арқылы  берілу  жолы.  Болымсыздық 
мағынасы  кейде  аналитикалық  тәсіл  арқылы  да  беріледі.  Яғни,  е 
көмекші  етістігінің  болымсыз  түрі  мен  жоқ  сөзі  етістіктерімен 
тіркесіп  келіп,  болымсыздық  мағынасын  береді.  Бұл  екі  сөз  де 
негізінен  есімше  тұлғасындағы  етістіктермен  тіркесіп  келіп, 
болымсыздық  мәнін  береді:  Келген  емес,  келген  жоқ,  келер  емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет