Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет61/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   196
бұлт  көлеңкесін  көлге  түсіріп,  айнала  қарай  сыланды.  Осы 
сөйлемдегі  өздік  етіс  формасында  беріліп  тұрған  етістік  –  сыланды
Қимыл иесі – бұлт. Ол – метафоралы қолданыс. Өздік етістің негізгі 
формасы: -ын, -ін, -н жұрнағы. Өздік етіс, көбінесе, сабақты етістіктен 
жасалады.  Алайда,  етістіктердің  бәрі,  соның  ішінде  сабақты 
етістіктердің  бәрі  дерлік  өздік  етіс  мағынасын  бере  алмайды. 
Мысалы,  баянда,  оқы,  үз,  апар  секілді  сабақты  етістіктерді  алып 
қарйық.  Бұл  етістіктерден  сабақты  етістік  жасалмайды.  Себебі,  адам 
өзін-өзі баяндауы, оқуы, үзуі, апаруы мүмкін емес. Сондықтан қимыл 
иесінің  өзіне  бағыттауға,  өзіне  қарата  жұмсауға  мүмкін  болатын 
қимылдарды  білдіретін  етістіктер  ғана  өздік  етіс  бола  алады.  Яғни, 
қимыл  иесі  /адам/  өзін-өзі  жууы,  өзінің  шашын  өзі  тарауы,  өзін-өзі 
сүртуі мүмкін. Осыдан етістіктің жуынды, таранды, сүртінді сияқты 
формалары қалыптасады да, оны өздік етіс формалары деп түсінеміз. 
Өздік  етіс  мәнін  беретін  басқа  да  формалар  бар.  Негізінен, 
ырықсыз  етістің  тұлғалық  көрсеткіші  болып  келетін  –ыл,  -іл,  -л 
аффиксі  көптеген  етістіктермен  қосылып,  өздік  етіс  мәнін  береді. 
Мысалы,  аурудан  жаз-ыл-у,  и-іл-іп  бүг-іл-у,  бұр-ыл-у,  оқуға  бер-іл-у, 
кер-іл-у т.б. 
Бұл  аффикстерді  жеке  сөздің  құрамынан  айыра  алмаймыз.  Тек 
контекстік қолданыста ғана ажырата аламыз. 
Мысалы,  жаз-ыл,  көр-ін,  тазала-н  сияқты  етістіктерді  алып 
салыстырып көрелік: 
1. Өздік етіс:                                                  2. Ырықсыз етіс: 
Мен тізімге барып жазылдым.                       Хат жазылды. 


 
103 
Ол дәрігерге көрінді.                              Алыстан бір үй көрінді. 
Жолаушы тазаланып жуынды.               Қора тазаланды. 
-Ық,  -ік,  -лық,  -лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік  жұрнақтары  арқылы  да 
өздік  етістің  мәні  беріле  береді.  Мысалы,  қан-ық,  бу-лық,  и-лік,  бас-
тық, көн-дік т.б. 
Сондай-ақ,  қате-лес,  орна-лас,  жайға-с  сөздерінде  және  т.б. 
сөздерде -с, -лас, -лес аффикстері де өздік етіс тудыра алады. 
-Лан, -лен, -дан, -ден, -тан, -тен күрделі аффиксі арқылы жасалған 
есім  негізді  туынды  етістіктер  өздік  етіс  мағынасында  жұмсала 
береді. Мысалы, әуре-лен, қату-лан, қаһар-лан, мейір-лен т.б. Себебі, 
бұл  аффикстер  –  құранды  аффикстер.  Оның  құрамында  –н  жұрнағы 
бар.  Бұл  жұрнақтар  арқылы  жасалған  етістіктер  салт  етістіктер 
болады. 
2.  Ырықсыз  етіс.  Етістің  бұл  түрі  етістіктің  түбіріне    -ыл,  -іл,  -л 
жұрнағы  жалғану  арқылы  жасалады.  Мысалы:  Тақта  сүрт-іл-ді, 
қазан ас-ыл-ды, кір жу-ыл-ды, жиналыс баста-л-ды, жүк түсір-іл-ді 
т.б. 
Ырықсыз  етіс  баяндауыш  қызметінде  жұмсалған  кезде  қимыл 
иесі айтылмайды. Сөйлемде қимыл иесінің кім екені белгісіз болады. 
Ырықсыз етістің жұрнағы етістіктің мағынасына қимылдың өздігінен, 
яғни  ырықсыз  істелетінін  анықтайтын  мән  жамайды.  Амалды  кім 
істегені  /субъектісі/  көрінбейді  де,  объектінің  қызметі  активтенеді. 
Мысалы: 1.Үміт кір жуды. 2. Кір жуылды. А) Үміт – субъект, қимыл 
иесі,  бастауыш;  кір  –  объект,  толықтауыш;  жуды  –  предикат, 
субъектінің қимылы, баяндауыш. Ә) Кір – объект, бастауыш; жуылды 
–  предикат,  баяндауыш.    Ал  субъект  сөйлемде  айтылмай,  белгісіз 
қалып  отыр.  Ырықсыз  етісті  басқа  етіс  түрінен  оқшаулап  көрсететін 
бір  ерекшелік  бар.  Етістіктің  негізіне  бірнеше  аффикстер  жалғанған 
кезде  ырықсыз  етістің  формасы  соңынан  жалғанады.  Яғни,  ырықсыз 
етіс  формасын  қабылдаған  етістік  одан  ірі  етіс  аффикстерін 
қабылдамайды. 
Ырықсыз етіс те өздік етіс сияқты сабақты етістіктен туындайды. 
Ырықсыз  етіс  өздік  етіспен  салыстырғанда,  әлдеқайда  көп 
қолданылатын өнімді форма. 
Ырықсыздық  мәні  кейде  өздік  етістің  формасы  –ын,  -ін,  -н 
жұрнағы  арқылы  да  беріледі.  Мыс,  ал-ын-ды,  сөй-ле-н-ді,  сайла-н, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет