Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет60/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   196
келетін емес, алатын емес, алған емес, алған жоқ т.б. Егер емес, жоқ 
сөзі болымсыз етістікпен тіркессе, болымды форма пайда болады. Бұл 


 
101 
стилистикалық қажеттіліктен пайда болады. Мысалы, алмаған емес -
алды, көрмеген емес – көрді т.б. 
Етіс категориясы. Етіс категориясы өзге түркі тілдеріндегі сияқты 
өз  алдына  жеке  бөліп  қарауға  келетін  дербес  грамматикалық 
категория  болып  есептеледі.  Етіс  категориясы  -  түбір  етістіктен 
туатын  грамматикалық  категория.  Етіс  формалары  өзі  жалғанған 
түбір етістікпен лексикалық мағына жағынан бір болып келіп, жарыса 
өмір  сүреді.  Етіс  категориясы  іс-әрекетпен  субъекті  мен  объекті 
арасындағы  қатынасты  білдіреді.  Бұл  категория  етістіктің  басқа 
категорияларынан  өзінің  мағыналық  және  тұлғалық  өзгешеліктері, 
сондай-ақ,  синтаксистік  қызметі  арқылы  ерекшеленеді.  Мысалы:  Ол 
одан  жөн  сұрады.  Олар  бір-бірінен  жөн  сұрасты.  Ол  одан  жөн 
сұратты. Одан жөн сұралды. Ол өзі сұранды
Міне,  осы  сөйлемдердегі  етістіктерді  бір-бірімен  салыстырып 
көрелік. Бұл етістіктердің құрамындағы /сұрады, сұрасты, сұратты, 
сұралды,  сұранды/  жедел  өткен  шақтың  формасын  алып  тастағаннан 
кейін  сұра,  сұрас,  сұрат,  сұрал,  сұран  етістіктерін  алып  қарасақ, 
лексикалық мағынасы бірдей. Бұлар бір түбірден өрбіген. Ол түбір – 
сұра.  Ал  басқасы  осы  түбірден  –  с,  -т,  -л,  -н  арқылы  жасалып  тұр. 
Олардың  лексикалық  мағыналары  бір  болса  да  семантикалық 
мәндерінде бір-бірінен айырмашылық бар. 
Етіс  формасы  сөйлемнің  грамматикалық  құрылысына  өзгеріс 
енгізіп  отырады.  Мысалы,  бірінші  сөйлемде  қимыл  иесі  бір  адам 
екенін білсек, екінші сөйлемде қимылға бір субъекті емес, екі не одан 
да  көп  субъекті  қатысқанын  біле  аламыз.  Сондай-ақ,  жөн-жосықты 
бір-бірінен  сұрағанын  білеміз.  Бұл  сөйлемнің  құрылысын  өзгертеді. 
Субъекті  бірнешеу  және  олар  амалға  ортақтас.  Үшінші  сөйлемнің 
құрылысы  алдыңғыларына  қарағанда  өзгеше:  әрекетті  жасатырушы 
бір  адам  да,  оны  жасаушы  бөгде  адам  екенін  біле  аламыз.  Ал  
төртінші  сөйлемдегі  семантика  мүлде  бөлек.  Бұл  сөйлемде  жасаушы 
да,  жасаттырушы  да  көрінбейді.  Сөйлемде  амалды  жүзеге  асырушы 
адам  сол  амалдың  әрі  субъектісі,  әрі  объектісі  болады.  Яғни,  амал 
субъектінің өзі үшін жұмсалады. 
Сонымен етіс категориясы дегеніміз не? 
Етіс  категориясы  деп  амалды  объекті  мен  субъектіге  қатысын 
білдіретін формаларды айтамыз. 
Етіс  формалары  түбір  етістіктерге  де,  туынды  етістіктерге  де, 
күрделі етістіктерге қажетінше жалғана береді. 
Етістерді  классификациялау  мәселесі.  Етістерді  түрлерге  бөлу 
мәселесі  қазіргі  қазақ  тілінде  ортақ  пікірге  келмеген  проблема. 
Академиялық  грамматикада,  сондай-ақ,  А.Ысқақовтың  оқулығында 


 
102 
етістерді  аффикстердің  түрлеріне  қарай,  мағыналары  мен  қызметіне 
қарай 5 түрге бөледі: 
1.  Негізгі етіс. 
2.  Өздік етіс. 
3.  Ырықсыз етіс. 
4.  Өзгелік етіс 
5.  Ортақ етіс. 
Даулы  талас  негізгі  етіс  төңірегінде  басталады.  «Негізгі  етістің 
арнаулы  аффикстік  көрсеткіші  жоқ.  Бұл  етіс  басқа  етістерге  негіз, 
таяныш болады» деп есептейді профессор А.Ысқақов. 
Ы.Маманов етістің бұл түрін жоқ деп есептейді. Ол етістер санын 
төрт  деп  есептейді.  Ол  өзінің  пікірін  негізгі  етістің  көрсеткіш 
формасының жоқтығымен дәлелдейді. «Негізгі етіс деген жоқ, етістің 
негізі ғана бар». 
1.Өздік етіс. Өздік етіс формасында берілетін қимыл не әрекеттің 
иесі  көбінесе  адам  не  жанды  зат  болып  отырады.  Кейде  қимыл  иесі 
жанды зат болмай, табиғат атауы не басқа бір зат болып келеді:  Көк 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет