Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан Республикасы Шардара ауданы


М.Мырзахметов – Бауыржан мұрасын жеткізуші



бет23/24
Дата06.01.2022
өлшемі181 Kb.
#14383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
М.МырзахметовБауыржан мұрасын жеткізуші

Профессор Мекемтас Мырзахметов Б.Момышұлының қолында жүріп аспирантурада оқып, кандидаттығын қорғаған інісі. Баукеңнің тәрбиесін көр-ген, рухани ұстаз еткен. Сыр сақтай білетін қасиеті үшін,Баукең оған өзгеге айтпайтын сырларын айтып, 1961 жылы ол кезде жариялауға болмайтын нағыз сүбелі дүниелерді тапсырады.Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұма-баев,М.Дулатов сынды халық жауы болып кеткен қазақ арыстарының 20-жылдары жарық көрген кітаптарын, журналдарды, Құран, Евангелие кітабын, 1944 жылы ҚазССР ҒА –да оқыған лекциясының стенографиясын, аталар шежіресін Мекемтас Мырзахметовке сақтауға береді.

2004 жылдың 30 қаңтарында Мекемтас Мырзахметовтың жетекшілігімен «Бауыржан Момышұлы мұралары – ХХІ ғасыр көгінде» атты ғылыми жобаны іске асырушы жұмысшы топ құрылды. Бұл топ даңқты батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Баукеңнің 30 томдық акаде-миялық шығармаларын баспаға даярлап, ол 2010 жылдың 22 қыркүйегінде «Өнер» баспасынан толығымен жарық көрді.

Б.Момышұлы дүниеден өткенге дейін қарым-қатынаста болған, сенімді інісі болған М.Мырзахметов те батырдың шығармаларын жарыққа шығаруда көптеген істер жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет