Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет35/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131
Қалалық  орта экологиясы - қалалық  ортаның  проблемалары  
және  оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең 
көлемдегі  мәселелерді  шешу  оған  қатысы  бар  адамдардың  (қала 
басқарушылары,  инвесторлар,  архитекторлар,  құрылысшылар,  қала 
халқы) 
экологиялық 
білім 
деңгейіне,  ғылыми 
зерттеулерге, 
азаматтардың  қатысуына  және  олардың  ақпаратпен  қамтамасыз 
етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар: 
-қалалық 
ортаны  құруда  әлеуметтік,  экономикалық  және 
экологиялық факторларды біріктіру; 
-сапалы өмір сүру ортасы жоғары дәрежеде болу үшін қаланы және 
оның маңайын  жоғары сапалы экологиялық  инфрақүрылыммен  
қамтамасыз ету; 
-  энергетиканы,  өнеркәсіп  орындарын,  транспортты,  суды 
пайдалануды, қалдықтарды және т.б. экологияландыру; 
-  тұрғындар  қажеттіліктерін  экологияландыру  және  осы  қалалық 
ортаны  құруға  қатысы  бар  барлық  адамдар  санасында 
экологиялық этика негізін құру. 
Қазірдің    өзінде    бірқатар    елдерде    қалалар    алып    жатқан  
аймақтардың  үлесі  көп.  Мысалы,  Бельгияда  -  28%,  Англияда  -  12%, 
Данияда  -  11%  ел  аумағы  қалалардың  үлесіне  тиеді.  Мұндай  үлкен 
урбанизацияланған  аумақтарда    қалалар  мен  табиғат  арасындағы 
экологиялық    тепе-теңдікті  сақтау  мүмкін  емес.        Әлеуметтік  - 
экономикалық    дамуы    нашар  басқарылатын  қалалардың  қоршаған  
ортаға тигізетін  жағымсыз әсерлері көбейе түсті. Урбанизация  қазіргі  
кезде    негізгі    әлемдік  тенденция  болып    отыр.  1900-2000  жылдар  
аралығында  қала  халқы  шамамен  0,2-ден 2,9 млрд  адамға  көбейді.  
Ал  осы  уақыт  ішінде  халық саны 1 миллионнан  асатын   қалалар 17-


 
50
 
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ  
Оқу құралы 
ден  388-ге  дейін  көбейді.  Қалалар    құрылықтың  аз  ғана  бөлігін  алып 
жатыр,  алайда    мұнда    бүкіл    халықтың    жартысына  жуығы  тұрып 
жатыр.Урбанизация    процесінің    дамуына    байланысты  қалалық 
ортаның    көптеген    проблемалары  (урбанистикалық,    құрылыс- 
архитектуралық,  технологиялық,  әлеуметтік,  экологиялық)  пайда 
болды.  Онда  қала  саны  мен  көлемінің  өсуі,  өнеркәсіп    орындарының, 
көліктің,  тұрғындар    санының    артуы  да  бар.  Ауыл    тұрғындарының  
қалаға    көшуіне    байланысты    ауыл    мен  қала  тұрғындарының  саны 
үнемі  өзгеріп  отырады. Қала  халқының   саны  және  қалалар    саны  мен 
көлемдері  де  өсуде.  Қала    халқының    сандық    пайызы  әлемнің  
аймақтарында әртүрлі. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері 
– Солтүстік  Америка  мен  Еуропаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал 
ең    төменгі    көрсеткіш  –  Азия    және  Африка  елдерінің    еншісінде. 
Үлкен    қалалар    өздерінің    маңайымен    және    кішкене  қалалармен 
қосылып,  ұзындығы  жүздеген  километрге  жететін  урбанизацияланған 
ареалдардың  (мегаполистердің)  түзілуіне  алып  келді.  Қазіргі  кезде  ең 
ұзын  мегаполис  «Босваш»  (Бостон-  Вашингтон)  500-дей  қаланы 
біріктірді.  Мұнда  АҚШ  халқының  20%  (45  млн    адам)  тұрады.  Түнгі 
уақытта бұл аумақ Жер спутниктерінен  жарық  дақ  сияқты  көрінеді. 
Мұндай    урбоареалдардың    саны    әлемде  10-нан  асты.  Оның  
әрқайсысы  30-  40  агломерацияларды    біріктіреді.  Қалалардың  
демографиялық және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен  экожүйеге  
техногенді    әсердің    артуы  тек  қала  маңында  ғана  емес,  олардан 
біршама  қашықтықтарда да айқындала  бастады. Осыған  байланысты 
қаланың  экологиялық    жағдайы    көптеген  өнеркәсіпті  қалаларда 
нашарлап  кетті.  Қалалар  планетамыздың  азғана  бөлігін  алып  жатуына 
байланысты,  қалған  табиғаттың  бөлігін  аман  сақтап  қалуға  мүмкіндік 
бар.  Қалалар  -  адамзаттың    болашағы.    Урбанизацияның    экожүйелер  
үшін  жағымсыз  болуы  міндетті  түрде  емес,  ал  оны  экологияландыру 
жағымды  құбылыс.  Қала    және  қалалық  орта  сонда  өмір  сүретін 
халықтың  қажеттіліктерін  өтеуге,  денсаулығына,  өмір  сапасына  қатты 
әсер  етеді.  Сондықтан  қазіргі  таңда  қалалық  ортаны  экологияландыру 
адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет