Биосфераның қалыптасуы мен дамуы үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – дамуы мен қалыптасуы;
Биoтeхнocфepa - аталған кезеңнің негізгі факторы адам болып табылады;
Нoocфepa – ақыл ой сферасы. Алғаш рет бұл термин 1927 жылы француз ғалымы Лe-Pуa қолданған, 1924 жылы В.И.Вepнaдcкий анықтамасын ұсынған.
Нoocфepa («ақыл ой қабаты») – биосфера дамуының биік шыңы. Бұл сфера қоғам мен табиғат арасындағы байланыс пен адамның санасының қызметі басты фактор болып табылады. Нoocфepa – адамның қоршаған ортасында зат айналымының табиғи үрдістері мен энергия қоғаммен бақыланып отырады.
. Экoлoгия, негізгі түсініктер
Осы уақытта экология пәнінің көптеген анықтамалары бар, солардың ішінде жиі қолданылатыны: экология – бұл тірі ағзалар мен олардың өмір сүру ортасының өзара қатынастары туралы ғылым. «Экология» термині ежелгі грек тілінің «oikos» −(үй, баспана) және «logos»− (білім) деген сөздерінен шыққан, оны ғылыми қолдануға енгізген көрнекті неміс биологы Эрнест Геккель. Ол өзінің «ағзалардың жалпы морфологиясы» (1866ж) атты кітабында биология тарауларының бірін экологияны – ағзалардың қоршаған ортада өмір сүру жағдайлары туралы ғылым деп тұжырымдаған.
Ежелгі гректік “oikos” осы ғылымның атауы құралуы ғана емес, және адам игерген және тұрактандырылған табиғатты белгілеу үшін "ойкумена " ( "экумена ") ұғымын құраған. Адам космосты игеруімен ”экумена" ұғымы жер шегінен әрі асты, ал экология, әзірше білім ретінде болмаса да, термин ретінде әрбір адамның санасына кірді. Қазіргі уақытта биология тарауларының бірі емес, онымен туыстығына география, саяси экономия, философия да, және жаратылыс және қоғамдық ғылымдардың барлық комплексі таласады. Оның үстіне, қазір экология ғылыми ұғымының шегінен шығып, мемлекеттін және әрбір адамның алаңдаушылығы мен қобалжуын туғызып отыр. Олай болса, экология барлығына қатысты, өйткені, егер экологиялық күйреу экологиялық апатқа дейін дамыса, ол ешкімді де аямайды.
Достарыңызбен бөлісу: |