~56~
ұлттық
өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымның арақатынасын
дұрыс жолға қойып, тепе
-
теңдікке келтіреді».
“
Нарық
–
белгілі жүйе əрі айырбас нəтижесі мен жағдайына немесе өндіріс
факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субьектілерін
байланыстырушы ұйым”.
“
Нарық
–тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар
арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы”.
“
Нарық
–сатушы мен сатып алушы арасындағы
тауарды өткізу жайлы
қатынастар жүйесі”.
“
Нарық
-
өзін
-
өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен
буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты əсерінде
болады”.
Нарық келесідей қызметтер атқарады:
-
ұдайы өндіріс үрдісін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;
-
ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі жəне оның
сұраным төлем қабілетіне икемделуі;
-
экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын
байланыстыратын буын;
-
экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат көзі (экономиканың
айнасы);
-
тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау жəне
мойындаушы
құрал;
-
бəсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру,
тазалау;
-
құрылымдық тұтыну, тұтынушыны табыс деңгейіне қарай рационалды
таңдауға экономикалық мəжбүр ету;
-
өндірістік
шығындарды
төмендетуге,
тауар
өндірушілерді
экономикалық ынталандыру жəне оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;
-
тауар өндірушіні жоғары сапалы жəне жоғары еңбек өнімділігіне
экономикалық тұрғыдан мəжбүр ету.
Нарық
-
күрделі экономикалық категория. Ол белгілі жəне нақты
əлеуметтік
-
экономикалық жағдайда өмір сүреді жəне көптеген факторларға
тəуелді:
меншік түрлерінің көп болуы; нарықтағы шаруашылық субъектілерінің
қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай жəне тəуелсіз болуы; тауар
өндірушілер мен сауда делдалдарының бəсекестілігі;
белгісіз нарыққа өнім
шығару; өнімге бағаны қою құқығы; қажетті инфрақұрылымның болуы.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан жəне əртүрлі
функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы
шаруашылық байланыстарын құрайды.
~57~
4 кесте
-
Нарықтың жіктелуі
№
Ұйымдық тұрғыдағы белгісі
Құрылымдылық тұрғыдан бөлу
1
Территориялық
Базар, биржа, аукцион, жəрмеңке,
аймақтық нарық,
ішкі нарық, əлемдік
нарық
2
Бəсекелестік сипат пен
деңгейі тұрғысынан
Монополиялық, олигополиялық,
таза монополиялық, еркін,
реттеуші
3
Тепе
-
теңдік деңгейі
тұрғысынан
Баланстанған, баланстанбаған
4
Салалық сипаты
тұрғысынан
Сала аралық, салалық, ішкі салалық
5
Тауарды бағыттау
тұрғысынан
Азық
-
түлік, азық
-
түліктік емес,
тағамдық немесе
тағамдық емес
6
Заңдылыққа
сай келу
тұрғысынан
Арнайы ресми, ресми емес (көлеңкелі)
7
Жетілу деңгейі тұрғысынан
Дамыған нарық, қалыптасушы нарық
8
Нарық субъектісі
тұрғысынан
Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы
Нарықтық экономиканың
қажетті элементтерінің
бірі инфрақұрылым
болып табылады. Инфрақұрылым
-
бұл институттар (ұйымдар, фирма,
мекемелер) жиынтығынан тұрады жəне оның мəн мағынасы нарықтың дамуы
мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалаптастырып қызмет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: