Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі коммерциялық



бет13/43
Дата02.03.2023
өлшемі203,19 Kb.
#71324
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
365920 (13)

Салыстырмалылық теориясы


Үлкен жарылыстан кейін уақыт өте келе əлем кеңейтілген кеңістікте дами түсті. Осы уақыттан бастап кеңістік пен уақыт түсінігі қарастырыла бастады. Кеңістік пен уақытты қарастыру салыстырмалылық теориясына негізделген.
Салыстырмалылық принципін алғаш Галлилей ұсынды, бірақ нақты тұжырымдамасын Ньютон механикасында орнын тапқан. Бұл принцип барлық инерциялық жүйелерде бар механикалық процестер бірдей жағдайда өтетінін білдереді.
Арнайы салыстырмалық теория Галиллейдің салыстырмалы механикалық принципін толықтырады жəне жалпы физикада қайта қарастырылып, тұрақты жарық жылдамдығы принципімен сəйкестендіріледі. Бұл теория 1905-1908 жылдар аралығындағы Х. Лоренц, А. Пуанкарье, А. Эйнштейн, Г. Минковский еңбектерінде қарастырылды.
Сонымен, Галиллей – Ньютон механикасындағы дененің қозғалыс жылдамдығы бір- бірімен салыстырмалы алгебралық үйлесім тапқан. ХІХ ғ. соңындағы Майкельсонның зерттеуі электромагниттік толқын таралуында жылдамдықтың есептелмейтіндігін көрсетті. Осыны анықтау үшін келесі мысал келтіріледі. Біз жағамен салыстырғанда
кемемен түзу жүзіп келеміз. Жағадағыдай қозғалыстың барлық заңдары мұндада сақталып орындалады. Жалпы жылдамдық кеменің жылдамдығы мен кемедегі қозғалыс жылдамдығының қосындысы арқылы анықталады. Жарық жылдамдығынан алыс жылдамдық кезінде бұл классикалық механика заңдылығынан ауытқымайды. Бірақ кеме жылдамдығы жарық жылдамдығы шамасына жетсе, кеме мен кемедегі қозғалыс жылдамдығы қосындысының мəні жарық жылдамдығы мəнінен асып түсуі де мүмкін. Ақиқатқа жүгінсек, мұндай жағдай болуы мүмкін емес. Себебі, Майкельсон- Морли экспериментіне сəйкес жарық жылдамдығы барлық санақ жүйесінде сəулелену көзінің немесе қалай қозғалатындығына қарамастан бірдей болады.
Бұл құбылысты 1904 ж. Лоренц түсіндіре келе, зат өзінің қозғалыс бағытымен қысқарады деді. Мұндағы қысқару коэфициенті зат жылдамдығына тəуелді. Оған қоса əр түрлі жүйеде мүмкін болатын уақыт аралығы өлшенеді. Ал Эйншетейн мүмкін болатын уақыт аралығына шындық ретінде мағына берді.
Бұдан арнайы салыстырмалылық теориясынан дене ұзындығы мен ондағы өтетін процесстердің ұзақтығы абсолютті емес, салыстырмалы. Жарық жылдамдығы жақындағанда барлық процестер əлсірейді, бір бақылаушыға арналған бірдей уақытта өтетін құбылыстар мен дененің көлденең бөлшекті мөлшері қысқарады. «Егер тетік жылдамдығы жарық жылдамдығына жетсе, ол нөлге дейін қысқарады… ал, олар жарық жылдамдығымен қозғалса, сағат тіптен тоқтап қалған болар еді».
Арнайы теорияға сүйеніп, кеңістік геометриясының ғарыш масштабына көшуі кезінде евклидті болмай, массаның тығыздығына байланысты бір аймақтан басқаға көшуде осы аймақта олардың қозғалғыштығы да өзгереді. Метагалактика масштабында кеңістік геометриясы уақыт өте олардың кеңеюі нəтижесінде өзгереді. Жарық жылдамдығына жақындау жылдамдығында, күшті кеңістіктік өрісте сингулярлы күй пайда болады. Яғни, нүктеде сығылады. Мегаəлем күйінен өтіп, микроəлеммен əрекеттесіп, оған ұқсас болады. Классикалық механикада жылдамдық жағдайда жарық жылдамдығы, массасы мегаəлемдегіден аз массасы шекті сияқты əділ күйінде қалады.
Галилей – Ньютон механикасында салыстырмалы тек жылдамдық болды. Кеңістік пен уақыт бір – бірінен тəуелсіз болды. Арнайы теорияда Эйнштейннің бұл көрсеткіштері кеңістік – уақыт деп біріктірілген. Уақыт жəне кеңістіктің бөлек қаралуы тоқтатылып, кеңістік – уақыт туралы көзқарас қалыптасты.
Эйнштейннің салыстырмалы теориясы масса мен энергияны байланыстырды. Е = 2, с жарық жылдамдығы. Бұл теорияда «екі заң - массаның сақталу заңы мен энергияның сақталу заңы бір – бірінен тəуелсіздігін жойып, бір заңға бірігіп, энергия мен масса сақталу заңы деп аталды».
Арнайы салыстырмалы теория кеңістік пен уақытты инерциалды емес, кеңістік – уақыт қасиетін гравитациялық өрісті есепке алмай қарастырады. Онжылдықтан кейін пайда болған жалпы салыстырмалық теориясы инерциалды жүйелермен қоса барлығына табиғат заңдылықтарын таратады. Ол тартылысты электромагниттікпен жəне механикамен байланыстырды. Осылай Бүкілəлемдік Ньютонның механикалық тартылыс заңы өріске алмастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет