Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Сүндет той. Қазақ халқы бар жақсысын баласына, ұрпағына арнаған 
құрсақтой, шілдехана, бесіктой, қырқынан шығару, тұсаукесерден кейін 
сүндет той жасаған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың бір белгісі. Ер 
баланы сүндетке 5, 7 жасында яғни тақ жасында отырғызған. Тақ жаста 
сүндетту қазақ арасында бүгінге дейін жалғасқан. Баланы неғұрлым 
сүндетке ерте отырғызса, солғұрлым ауырсынбай, тез жазылып кететін 
болған. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күз айларында іске 
асырылған. Себебі суық та, ыстық та балаға әсер етпесін деген мақсат 
көзделген [4,65 б.]. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. 
Түркия қазақтары мұсылман дінін өте берік ұстанғандықтан ұлын сүндеттеу 
үлкен сауап. Осы жөнінде Күлия апа: «Сүндет той жасау баланың 
қарақұлақтанып қатарға қосылғандығының белгісі, ат жалын тартып мініп
азамат атанатындығының алғашқы сатысы саналады. Бұрынғы кезде 
сүндеттелген балаға арнап кең әрі ұзын «сүндет жейде», «сүндет көрпе» 
тігетін болған. Оны бала жара толығымен жазылғанша киген (ХХ).
Түркияда негізінен діни мерекелерге, әдет-ғұрыптарға, наным-
сенімдерге ерекше көңіл бөледі. Сүндетке отырғызу дәстүрі ерекше мереке 
болып аталып өтіледі. Егер бір отбасында 5, 7, 9 жастағы ұл балалар болса, 
олардың барлығын бір күнде сүндеттейді. Тіпті отбасындағы қыздарының 
үйлену тойларында да ұл балаларын сүндетке отырғызады. Ертеде молда 
шақырып сүндеттесе, қазіргі кезде әсіресе қалалық жерлерде емханаларда 
дәрігерлеге сүндеттендіреді. Қазіргі кезеңде қазақтарда балаларының
қолдарына қылыш ұстатып, түріктердің мерекелік ұлттық киімдерін кигізеді. 
Түркияда өткізілетін ең үлкен шаралардың бірі «сүндет той» оған 
үлкен той жасап аталып өтіледі. Сүндеттемей тұрып, бір аптадай қалғанда 
сүндеттелетін баланы туыстарының балаларымен бірге арабаға (машинаға) 
мінгізіп, көшені аралатады. Алдымен үлкен аталарына, сыйлы ақсақалдарға, 
иман-молдаларға барып қолдарынан сүйгізіп, одан кейін барып ары қарай 
құрметті жерлерді аралатады. Үлкен жәмилерге барады. Үлкен құран 


77 
оқитын жерлерге апарады. Сосын бір аптадан соң баланы сүндетке 
отырғызады. Кезінде иман-молдалар отырғызатын, қазір дәрігерлерге де 
жасатып жатады. Ертесінде қой сойып, палау пісіріп дастархан жаяды. 
Туған туыстарды жинайды, түрік халқында сүндетке отырғызғанымен 
дастархан жайып ел-жұртты жимайды дейді - Айшегүл Жігіт. Бірақ біздер 
сүндеттелетін балаға түріктің сүндет тойына арнайы арналған ақ түсті 
костюмын кигіземіз. Ол ақ түсті матадан, жылтыр түймелері бар, әр түрлі 
алтын жіптермен өрнектеліп тігілген. Басында бас киімі сұлтан шалмасы, 
тәжі бар, қолында таяғы бар, оның себебі патша болсын дегенді білдіреді. 
Аяқтарына да арнайы тастармен безендірілген аяқ киім қигізеді. Түріктерде 
атқа отырғызып жатады. Сүндеттелген балаға көбіне алтын тағып, ақша 
береді. Кейбір қазақ отбасылар да түріктердің тойлары сынды сүндет 
тойларды атқа мінгізіп, мейрамханаларда жасап жатыр. Сүндет тойда сый 
сыяпат ретінде ерлерге шапан жабылып, әйелдерге көйлектік мата беріледі.
Әрбір қазақ отбасында орта есеппен алғанда бұрындары 6-8 баладан 
келсе, қазіргі кезде бір отбасында 3-4 баланы құрайды. Бұл елде бала тууға 
шектеу жоқ. Негізі 1948-1950 жылдардан бастап негізі бала туу саны артқан. 
Кезінде қазақтар жиын тойларында қыз қуу, көкпар тарту, күрес 
сияқты ұлттық ойындар ойналған, бірақ қазір оның ешқайсысы 
жасалмайды. Ол кезде қазақ арасында Кәбен Өзтүрік (Мустафа Өзтүріктің 
әкесі) палуан болған кісі. 
Әрбір қуанышқа қазақтар мал сойып, дастархан жаяды. Мысалы менің 
балам «Хафиздік» Құран оқып жүр, қазір оның ортасына келді, соны 
бітіргеннен кейін мен соның қуанышына дұға қылып мал сойдырып 
дастархан жаямын. Үлкендердің батасын аламыз. Біздер баламыз оқу 
бітіргенде, әскерден келгенде дастархан жасап, той жасаймыз дейді 
Айшегүл. Түрік азаматтары сияқты қазақ жастары да 20 жасқа толғанда 18 
айға әскер қатарына қабылданады. Ол Түркия елінде тұратын этностардың 
барлығына міндетті.
Негізі Түркия, Ауғанстан, Иран ислам дінін қатты ұстананатын елдер 
болғандықтан, ондағы қазақтар да ислам дініне берік, әрі балаларын да дінді 
қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелейді. Сондықтан ол жердегі қандастарымыз 
да олардың балалары да 13 жасқа толған соң бес уақыт намаздарын оқып,
ораза ұстайды. Қорытындай келсек, Түркиялық қазақтардың өмір салтында 
бірқатар өзгешеліктер бар екенін көріп отырмыз. Дегенменде аға ұрпақтың 
алдынан кесіп өтпеу, келіндік міндетті мінсіз атқару, «кіндік шеше», «өкіл 
әке», туыстарына бала беру сияқты т.б. қазақтың салт-дәстүр әдебіне баса 
мән беріледі. Оның үстіне күнделікті өмірде қазақ тілі мен түрік тілі аралас 
қолданылады. Жастар барған сайын салт-дәстүрді сақтауға немқұрайды 
қарауда. Сондықтан диаспора өкiлдерiн ұлтқа бөлмей, қазаққа тартып, 
қазақыландыра бастауымыз өзекті мәселенің бірі болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет