Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



І ТҮРКИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ ТАРИХЫ 
 
1.1  Қазақтардың Түркияға дейінгі көші-қон тарихы 
 
Түркиядағы қазақтар негізінен Стамбулдың Гюнешли ауданындағы 
Қазақкентте, Зейтинбурнда, Кучук, Чекмеджи, Сафра-кой, Орнектепе 
аумақтарында мекендейді. Түрік елінде тұратын қазақтар саны туралы 
мәліметтер де әралуан. Олардың саны 25 000-нан 10000 - ға дейінгі аралықта 
айтылады. Түркиядағы қазақтардың қазіргі кезеңдегі нақты санын көрсете 
қою қиын. Себебі бұл елде халықтардың саны ұлтына қарай емес, азаматтық 
есебі бойынша саналады. Сондықтан да қазақтардың бұл мемлекеттегі ресми 
санын біле алмаймыз. Сондай ақ, Түркиядан Қазақстанға көшіп келген 
бүгінде Қарасай ауданының тұрғыны отандасымыз Мұхаммедияр Қаратамыр 
Түркияға барған қазақтардың кейбір тобы алғашқыда ұлтын қазақ деп 
көрсетпей, татар не түрік деп жаздырғандардың да болғандығы жөнінде 
айтқан (І). Мұндай жағдайлар қазақтың бүгіндегі нақты санын толық көрсете 
алмаса, бір жағынан төлқұжаттағы ұлтының өзгертіліп көрсетілуі қазіргі 
кезеңде тарихи Отанға оралуына кедергі тигізді. Жоғарыда келтірілген 
сандық мәліметтер қазақтардың өздері жүргізген есеп негізінде берілген. 
Біздің ел арасынан алған мәліметіміз бойынша қазіргі кезеңде олардың саны 
10000 қазаққа жетпейді. Олардың алғашқы көрсеткіштен азаю себебі бір 
бөлігінің бүгінде тарихи отанына оралып, өз тіршіліктерін жасауында деп 
білеміз.
Жалпы алғанда сырттағы қазақтардың негізгі бөлігі кезінде елімізде 
орын алған тарихи саяси оқиғалармен байланысты қоныс аударғаны белгілі. 
Ол сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап орыс патшасының Орталық 
Азияны отарлауы, 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістер, 1917-1920 жылдар 
аралығындағы Кеңес одағының орнауы, азамат соғысы, ақтар мен 
қызылдардың қырқысы, Кеңес өкіметі кезеңіндегі қызыл террорлық саясат, 
1925 жылдардан басталған Сталиннің қолшоқпары болған Ф. Голощекиннің 
зұлматтарынан 
туындаған 
кампеске 
(тәркілеу), 
Алаш 
қозғалысы 
жетекшілерін 
жаппай 
қудалау, 
тұтқындау, 
жер 
аудару 
және 
ауылшаруашылығын зорлап ұйымдастыру, күштеп отырықшыландыру, 
ұжымдастыру, 1931-1932 жылдардағы қолдан жасалған аштық секілді 
аласапыран кезеңдерде қазіргі Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары 
алдымен көршілес елдерге Орта Азияға, Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, 
Индия, т.б. жерлерге ауа көшсе, кейін келе сол елдердің озбыр саясатына төзе 
алмай жайлы жер іздеп, басқа да аумақтарға қарай ығысты. Міне, солардың 
бірі Түркиядағы қазақтар.
Түркия қазақтарының негізгі бөлігінің ата-бабалары ХІХ ғасырда 
Шығыс Қазақстан аумағы мен Қытайдың қол астындағы Шығыс Түркiстан 
аймағында өмiр сүрген. Түркиядағы қазақтар осы аумаққа қоныстанға дейін 
талай тарихтың зобалаңын басынан өткізіп, аман қалғаны діні, тілі бөлек жат 
жерде құрып кетпеудің амалын іздеп, мұсылман, түбі бір туысқан халықпыз 


10 
деп, осы Түркияға келіп тоқтаған. Сондықтан да біз Түркия қазақтарын 
жазбас бұрын олардың қазіргі қонысына дейінгі тарихын да назардан тыс 
жібере алмаймыз.
Түркиядағы қазақтың үлкен бір бөлегін Қытайдан Тибетке, одан Индия, 
Пәкістанға ауған қазақтар құрайды. Қазақтың бір бөлігінің ежелден мекен 
еткен жерінің бірі Шығыс Түркістан аумағы болды. Олар бір кездері ата 
қоныста мекендеп, орыс-қытай шекарасын межелеу барысында қытайдағы 
қазақ ирредентін қалыптастырды деуге болады. Бұл жөнінде Г.М. 
Мендикулова: «Қытайдағы қазақ ирредентінің қалыптасуына Цинь 
өкіметінің 1757 ж. жоңғар хандығын жоюы, олардан азат етілген қазақтың 
Ұлы және Орта жүз руларының көші-қон жайлауын жоңғарлардыкі деп, 
Қытайдағы Цинь өкіметі иелігіне беруі ықпал етті» - деп көрсетеді [9, С. 62]. 
Ақиқатында, жоңғар хандығы басып алған Орталық Азия халықтарының 
жерлерін Цинь мемлекеті өз қарамағына қосып алады. Қазақтар өздерінің 
ертеден иелік еткен жерлерін қайтаруға да бірнеше рет әрекет еткенмен, ол 
нәтижесіз қалады. Ал, басып алған иеліктерді Қытайға қосып алуы Цинь 
өкіметінің Орталық Азиядағы әскери-саяси ықпалын күшейте түседі. Олар 
енді осы аумақтағы сыртқы саясатында «бөліп алда, билей бер» бағытын 
жүргізді. Соның дәлелі қазақтарға қарсы басқыншылығын ашық көрсете 
отырып, 1762 жылы қазіргі Іле округінде өздерінің әскери басқармасының 
Бас штабының филиалын орналастырды. Қытай-қазақ тарихының маманы, 
ғалым Н. Мұхаметханұлының айтуынша осы жылдары Үрімшеде қытай 
губернаторының ставкісі құрылып, оның билігі құрамына Тарбағатай, Іле 
және Қашқар аймағы жерлерімен бірге халықтар да енеді [13, 40 б.]. Міне, 
бұл жағдай да қытайдың билік құрсауындағы қазақтардың санын толықтыра 
түсті. Қытайлар қазақтарды өз мекені Іле өзені бойы жерлерінен, Алакөл, 
Тарбағатай және Ертістің жоғары бөлігінен де қуу саясатын жүргізеді. Бұл 
кезеңдер қазақ пен қытай арасының шиеленіскен кезеңдері деуге де болады. 
Бірақ қазақтардың қытайларға қарсы бірнеше шапқыншылығынан кейін, 
1767 жылдары Монғол Алтайы және Іле өлкесіндегі кейбір жерлерін 
қайтарып алады. Қазақтардың орта жүз руының бір бөлегі Іле өзені бойына 
қоныс аударып, қытай императорының билігін мойындайды [9, С. 68-69].
Ал, ендігі бір тобы орта жүздің найман рулары, каракерей және төртуыл 
тармақтарынан тараған кейбір рулар, уақ тайпасының ішінара тайпалары 
және он екі абақ керей рулары Іле өлкесіне ішкерілей ене берді. ХІХ 
ғасырдың соңында Алтай мен Тарбағатай өңіріне қазақтар көптеп қоныстана 
бастады. Бұл жерлер де қазақтардың жайылымына тарлық етіп басқа 
аумақтарға да қоныс аудара бастады. Осы жөнінде Жәди Шәкенұлы: «Алтай, 
Тарбағатайдағы бір бөлім қазақтар Баркөл, Шонжы, Жемсары, Фукаң, 
Санжы, Құтыби, Шиху, Сауан жерлеріне барып қоныстанады», - деп жазады 
[16].
Яғни бұл деректер қазақтардың қазіргі қытай жері аумағында ертеден 
мекен еткенін көрсетеді. Сонымен қатар қазақтар басқа да зұлматтар 
зардабынан ауа көшу арқылы тарихи Отанынан алшақтай берді. Осы жөнінде 
ғалым Н. Мұхаметханұлы: «ХІХ ғ. соңында Алтай аймағындағы бір бөлім 


11 
тайпалардың (Тарбағатайдағы кейбір рулар да бар) Алтайдан Қобдаға және 
Шыңжаңның шығысына дейін қоныс аударып барды. Тіпті, одан әрі Гансу, 
Тибет өлкесіне дейін босып баруының өзіндік қоғамдық себептері болды. ... 
ол аймақтардағы қоғамның қатігездігі Алтай мен Тарбағатайдағы 
қазақтардың біраз бөлігінің қоныс аударып, босып кетулеріне мұрындық 
болды», - деп жазады [13, 174 б.]. Міне осы босыған қазақтардың ішінде 
қазіргі Түркиядағы қазақтардың да ата-бабалары бар. Дегенмен де қазақтар 
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында да аталған аумақтарда өзінің көші-қонын 
жалғастыра береді.
ХІХ ғ. екінші жартысы патшалық Ресейдің Орталық Азияда иеліктерін 
бекітуге жанталаса кіріскен кезеңі болатын. Сондықтан Ресей Қытаймен 
Орталық Азияда мемлекетаралық шекараны айқындау қажеттігін түсінді.
Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы шекарасы Шығыс Түркістанның 
батыс бөлігінде 2 қараша 1860 жылғы Пекин келіссөзі және 1864 жылы 
Шәуешекте бекітілген хаттамада нақтыланды. Шәуешек хаттамасында 
былай делінген болатын: «... где помянутые народы жили до сего дня, там 
по прежнему должны оставаться и спокойно жить на прежних местах, 
пользуясь предоставленными средствами жизни, и к какому государству, 
вместе с землею, отходять и самые люди, и тем государством управляются. 
И если после сего кто-либо из них с прежнего места жительства перейдет в 
другую сторону, то таковых возвращать назад и тем прекратить 
замешательство и неопределенность на границе» [18, С.48]. Бізге белгілі 
болғандай екі мемлекеттің шекараны межелеуге байланысты 1864 -1881 жж.
«Шәуешек» және «Петербор» келісімдерінен кейін олар Шығыс 
Түркiстанда яғни Қытай қарауында қалып қояды. Сол көштің басы-қасында 
болған Хасен Оралтай өзінің еңбегінде: «1860 жылы Пекинде басталып, 
1864 жылы Шәуешек қаласында келісілген, 1881 жылы Петербурда 
жалғасын тапқан, тарихи әдебиеттерде «Шәуешек Келісімі деп аталатын, 
орыс-қытай бөлісуінен бері «Шыңжаң-Xinjiang» «Жаңа өлке» деп аталып 
келе жатқан өңірдің тұрғынымыз» - деп Қытай территориясында 
қалғандығын айтады [4, 12б.]. Иә, ақиқатында, Қытай өкіметі 1860-1880 жж. 
аралығында өзіне қосып алған қазақ жерлерін Ресей өкіметі қайтаруды 
талап етуі мүмкін деген қауіппен солтүстік батыста жаңа «Синьцзян 
провинциясын құрады. Орыс-қытай келісімі қазақтардың ертеден келе 
жатқан көші-қон бағытының бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты 1878 
жылы 9 мыңнан аса қазақтар Ресей иелігін тастап, Қытайға көшеді [9 
С.111]. 1879 жылғы Ливадий келісімі Іле өлкесін Қытайға қайтарды. Бірақ 
бұл келісім бойынша Іле аумағында мекендеген халықтар Ресейдің иелігіне 
өту керек болатын. Бірақ бұл шешім қытай өкіметін қанағаттандыра 
қоймады. Сондықтан 1881 жылы 12 ақпанда орыс-қытай келісіміне қол 
қойылып, халық қай елдің иелігінде қалуын өзі шешетін болды. Іле 
өлкесінің Қытай иелігінде қалуы ұлы жүздің суан, албан, қызай руларының 
бұрынғы көші-қонынан айырды. Бұл келісімнің нәтижесінде қазақтар Қытай 
территориясындағы Іле, Тарбағатай округтары мен Барлық, Текес, Сүмбе 


12 
және Боратал аумақтарындағы өздерінің бұрынғы жайылымдарын 1892 
жылға дейін пайдалануға мүмкіндік алды, бірақ оларға қытайлар үнемі 
қысым көрсетіп отырғандығын, белгілі ғалым К.Ш. Хафизова өз еңбегінде 
жазады [14, С.157].
Жалпы алғанда қазақтар екі оттың ортасында қалды 
десе де болады. Қытай өкіметі қоластындағы да, Ресей патшалығы 
иелігіндегі де қазақтар ертеден келе жатқан ата қонысы мен көші қон 
бағытынан айырылып жаңа жер іздеуге мәжбүр болды. Қытайдың озбыр 
саясатының қысымынан азап шегіп, еліне азаттық іздеп, халқының қамын 
ойлаған Бөке батыр жаңа жер іздеп алғашқы көшті бастайды. Бұл көш 
қытайдың Цин патшалығының тарихында ерекше орын алады. Оның 
батырлығы, ерлігі, зерделілігі жөнінде Х. Алтай, Х. Оралтай, Ә. Қара, т.б. 
көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде жан-жақты баяндайды. 
Қазақтардың сыртқа ауған алғашқы көшінің бірін Бөке Жырғалаңұлы 
1889 жылдың көктемінде Өр Алтайдың Шіңгіл өзені бойынан 1500-дей үй 
Бөкенің бастауымен Үрімжінің Қаратау деген жеріне бастап барады. Ал, 1898 
жылдың күзінде Шақылық арқылы Миран тауына көшіп барады. Көшіп-
қонған ауылдар, Жетінші мен Ақсу, Үңгірлік тауларын сағалап, ақыры 1899 
жылы Гас көліне көшіп барып, ол жерде екі жыл болады. 1901 жылы көштің 
бір бөлігі кері қайтады да Бөке бастаған 500 үй 1902 жылдың жазында 
Ақсудан көшіп, 5 құм дегенде Құмкөл, Балғынтау, тауларына келіп 
паналайды. Ол жерде біраз тұрып, 1903 жылы Тибет асып үш айда Тибеттің 
Нақша қаласына жетеді. Бөке батыр өзіне қараған елімен Нақша қаласында 
бірнеше ай тұрады. Алайда, Бөке батыр сырқаттанып, 1903 жылы ойлаған 
мақсатына жете алмай қайтыс болады [19, 6-7 бб.].
Басшысынан айрылған 
қорғансыз елді Дихуа әскері шауып, қайтадан кері көшіреді. Сөйтіп, ел 
еркіндігін аңсаған халық батыры Бөкенің денесі – Тибетте, басы – Алтайда 
жатыр, - деп жазады Хасан Оралтай [4, 7 б.].
Міне, бұл көш қазақтардың 
Тибетке кейінірек тағы да көш бастауына ықпал етті.
Ресей патшасының Орталық Азияны жаулап алуы, қазақтарды ертеден 
жайылым етіп отырған кең байтақ жерлерінен айырды. Қоныс аудару 
басқармасының артық жерлерді қазақтардан күштеп тартып алуы да олардың 
жаппай Қытайға ауа көшуіне әкелді. Қазақтардың басым бөлігі Іле және 
Синьцзяндағы Алтай кеңістігіне келді. 1911 жылы Қытайдағы қазақтардың 
саны 224900 адамға жетті [20]. Бұл кезеңде қазақтардың бір бөлегі Қытай 
иелігін мойындаса, бір бөлегі Ресей билігінде қалады.  
1911 жылға дейін Шығыс Түркістанда Қытайдың Мәнжу үкіметі (Цинь 
династиясы) саяси билік жүргізген болатын. Бірақ осы жылы Пекиндегі 
Суньятценннің буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейін, ол 
республика өзінің өмір сүруін тоқтатты. Бұл жағдай кейбір топтардың 
Шығыс Түркістанды Орталықтан бөліп алу мақсатына жеткізді. Нәтижеде Іле 
аймағында дербес өкімет құрылды. 1912 жылы Яң Зыңшын Шыңжаң 
губернаторы болып тағайындалады. Бірақ ол жергілікті мұсылман халықтары 
үшін алым-салықтың, небір қанаудың азабын көрсетеді. Мәселен, осы 
жөнінде мына бір деректер: «1919 жылғы Алтайда орын алған әскери 


13 
дүрбелеңді пайдаланып, Алтайды да аймақ етіп құрып, оны Шыңжаң 
губернаторының басқаруына берді. Сонымен Яң Зыңшын бүкіл Шыңжаңды 
өзінің біртұтас басқаруына қаратып, қазақтардан алынатын салықтың 
мөлшерін белгілеп заңдастырды. Сонымен ол халықтың өлген-тірілгеніне 
қарамай, зорлықпен салық жинатып, Шыңжаңның қаржы кірісін еселеп 
көбейтті. Мысалы 1911 жылы Шыңжаңның бүкіл өлке бойынша жалпы кірісі 
1 миллион 160 мың сәрі ақ күміс болса, 1916 жылғы кірісі 3 миллион 370 
мың ақ күміске жеткен», - деп көрсетеді [13, 202 б.]. Осындай ауыр жағдайға 
қарсы қазақтар да басқа да халықтармен бірге қанаушыларға қарсы бас 
көтеріп отырды. Соның бірі Құмылдағы орталықтанған езгіге қарсы күрес. 
Бірақ олардың барлығы аяусыз басып-жаншылып отырды. Осы кезеңде 
қазақтардың тұрмыс-жағдайы нашарлап, үкімет пен жекелеген байларға 
қарызданды. Бұл жағдайлар да қазақтардың басқа да жерлерге ішкерілей 
енуіне ықпал етті. Осыған байланысты өлкені тұтас қамтыған 
жалпыхалықтық бұл көтерілістерді Ресей де барынша пайдаланып қалуға 
тырысып бақты.
Қазақтардың Қытайға жаппай қоныс аударуының тағы бір себебі, 1916 
ж. ұлт-азаттық көтерілістің зардабы болатын. Осыған байланысты бір ғана 
Семипалатинск облысынан 1916 жылы, шілдеде 10 қазақ болыстығы Қытай 
иелігіне шешім қабылдаса, осы облыстың әскери губернаторы А.И. 
Алексеевтің мәліметі бойынша Қытайға 150 мыңнан аса қазақ көшкендігі 
жөнінде айтылады [10, С.122.] Орыстардың жазалауынан қорыққан қазақтар 
қытай иелігіне қарай ығыса берді, сөйтіп Синьцзянның шекаралас аудандары 
солтүстікте Тайван, батыста Іле, оңтүстікте Қашқар мен Ақсу қазақ 
босқындарының орталығына айналды. Осы кезеңдерде К.Л Сыроежкиннің 
мәліметі бойынша Алтай округінде 100 мың, Тарбағатайда 60-70 мың және 
Іле округінде 100 мыңнан аса қазақ есептелді [15, С.7.]
Қазақтардың осы кезеңдегі ахуалы жөнінде Түркиядағы Мимар Синан 
университетінің тарихшы ғалымы, қазақ диаспорасының өкілі Абдулуақап 
Қара «Алтайдан Анадолыға дейін азап кешу» деген мақаласында: «Советтер 
Одағы мен Қытай империясы сияқты екі алып арасында сыналған, әлеуметтік 
жағдайда мәдениеті сыртқы әлемнен оңашаланып қалған Шығыс 
Түркістандағы ұйғыр, қазақ сияқты аз ұлттардың жан саны миллиардқа
жеткен. Бірақ, олардың соғыс күші қаһарлы қытаймен алысып, оны алып 
ұруы тіпті де мүмкін емес еді. Сондықтан олардың алдында екі жол жатты. 
Туған жерден табан аудармау немесе шет елге шығып кету. Отанда қалса, не 
жағаласып жүріп жан тапсырады немесе Қытай әкімшілігінің зорлық 
зомбылығына мойынсұнып, құлдыққа мүлде көнеді», - деп жазған болатын 
[21]. 
Қазақтардың шет жерлерге ауа көшуі Кеңес өкіметі кезеңінде 
жалғасқаны белгілі. 1917-1920 жылдар аралығындағы Кеңестер одағының 
орнауы мен Азамат соғысының орын алуына байланысты ақтар мен 
қызылдардың қырқысы, 1925 жылдардан басталған Ф.Голощекиннің 
зұлматтарынан 
туындаған 
кампеске 
(тәркілеу), 
Алаш 
қозғалысы 


14 
жетекшілерін 
жаппай 
қудалау, 
тұтқындау, 
жер 
аудару 
және 
ауылшаруашылығын зорлап ұйымдастыру, күштеп отырықшыландыру, 1931-
1932 жылғы қолдан жасалған аштық секілді аласапыран кезеңдерде қазіргі 
Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары Шынжаңға қашып барды. 
Бірақ мұнда да қытай өкіметі мұсылман халықтарды қорлап, мал 
жайылымынан айырып, зорлықтың небір түрін көрсетті. Қытай билігінің
саясатына қарсы қазақ, ұйғыр халықтарының күресі бізге тарихтан белгілі. 
Сол биліктің өкілі Яң-Зын-Шин 1928 жылы орыстардың қастандығымен 
атып өлтіріледі. Бірақ оның орнына Жың-Шорын өзін-өзі өлке әміршісі етіп 
жариялайды. Бұл да қара халықтың қамын ойлай қойған жоқ. Оның кезінде 
керісінше, Шығыс Түркістанда зорлық зомбылықтың, зұлымдықтың 
барынша күшейген кезеңі болды деуге болады. Бұл жөнінде Абдулуақап 
Қара: «...Орталық үкімет 1931 жылы қытай босқындарын Құмыл аймағына 
әкеп қоныстандыруға әмір түсірді. Жергілікті халықтың жер-суын соларға 
үлестіріп берді. Жұрт наразылығы қайта күшейді. Құмыл аймағы уәлиінің 
орынбасары Қожанияз бастаған ұйғыр мен қазақ Әліп, Зәйіп бастаған 
тәйшілер ашумен қытай өкіметіне қарсы көтеріледі, тұтқиылдан бастаған 
тегеурінді соққыға төтеп бере алмаған қытай әскерлері Құмылдан қашып 
шығуға мәжбүр болды» - деп жазады [21]. Дегенмен де Ресей 
патшалығының күшіне сүйенген қытай өкіметі мұндай көтерілістерді тез 
арада басып-жаншып отырды. Осы бір қиын-қыстау күндер туралы халық 
арасында небір зарлы өлеңдер шықты. Соның бірі осы кезеңдегі оқиғаның 
куәсі болған Қайнаш Гайратуллахтың (1918 жылы туылған) «Баркөл 
оқиғасы» өлеңінен үзінді келтіре кетейік (өлең латын әріптерімен берілген): 
Адамға қуат кірер денсаулықтан 
Түркістанда зауал коммунист пәле жапқан 
Құдайым залым қылған коммунисті 
Ниетімізге берген бе бұл зұлымдықты. 
Баркөл Құмылда мекендеген қалың қазақ 
Бір күні өңшең жақсы
Бұл ара қоныс болмайды деп ақылдасқан 
Екінші ретте бұлар ауған 
Коммунист Орыс-Чиндер кек қайнасқан 
Күнәсіз көп халықты тұтқындаған 
Шыдамай бұл қорлыққа қазақ халқы 
Коммунистке қарсылық соғыс ашқан 
Екінші рет көшіпті Баркөл халқы
Қазақтың жойылды ғой салтанаты 
Баркөлде қазақ халқы ақылдасқан 
Бірінін бірі сөзі мақұлдасқан 
Орыс-Чин коммунистке қарсы шығып
Құралсыз сойылменен соғыс ашқан 
Натисада коммунистен жеңіс тапқан 
Батыс орманына еркіндікке бұлар қашқан 


15 
Коммунистің үзілмейді қастандығы
Елісхан Сабырбай Залың бастықтары 
Батысқа жолға шықты қалың қазақ,- деп сол кезеңдегі қазақтардың 
ауыр да азапты күндерін сипаттайды [22]. Екі мемлекеттің қыспағынан 
қазақтар босқын болып, әр тарапқа қарай көш жолын салады. Сол босқын 
болған қазақтардың бір тобы қазіргі Түркиядағы бауырластарымыз 
негізінен Керей, Найман, азырақ ұлы және кіші жүз рулары өкілдерінен 
тұрады. Алтай, Тарбағатай, Іле аумағында өмір сүрген орта жүз өкілдері 
жоңғар шапқыншылығы кезеңінде қоныс аударса, ұлы және кіші жүз 
өкілдері 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс пен кеңес дәуіріндегі ұжымдастыру, 
ашаршылық, т.с.с. солақай саясаттың зардабынан ығысқандар. Жалпы, 
қазақтар қытай өкіметі мен орыс патшалығының зорлық зомбылығын қатар 
көрді. Осындай кертартпа саясат салдарынан олар басқа сырт аймақтарға 
қарай елінің, жұртының тыныштығын тілеп қоныс аударуға мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет