“Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты”



бет3/8
Дата25.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#126598
1   2   3   4   5   6   7   8
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар
    • Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы. (сөйлеу тілінің сыртқы -фонациялық өңделуінің бұзылуы, сөйлеу тілінің ішкі -семантикалық өңделуінің бұзылуы;
    • Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения).
    • Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия, брадилалия, тұтықпа).
    • Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия)
    • Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дислексия, дисграфия, дизорфография).

Көру бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері

Орта білім алуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты.

Көру бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары


Көрмейтін, нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет