Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет46/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Өндірістік қуат – прогрессивті технологиясы, еңбек және өндірістің алдыңғы қатарлы нысандары мен әдістерін қолдану негізінде барлық экономикалық ресурстарды толық пайдалану жағдайлары жоспарланған номенклатурадағы өнім (жұмыс, қызмет) шығарудың максималды мүмкін жылдық көлемін білдіреді. Өндірістік қуат – теориялық және тағы басқа болып бөлінеді.
Теориялық өндірістік қуат – минималды мүмкін болатын теріс нәтижелерінен нақты жұмыс шарттарын жету мүмкін болатын шаруашылық операцияларының көлемін білу.
Тәжірибелік өндірістік қуат – тұтынушылардың қол жетерлік мұқтаждықтарын ескере отырып, қолайлы тиімділік дәріжесін сақтау кезінде жетуге болатын өндірістің жоғарғы деңгейін анықтайды. Әрбір кәсіпорын тұтынушының сұранысқа сәйкес келетін саны және уақыты бойынша өндірісті жоспарлайды. Сату жоспарын құру кәсіпорын өндірістік бағдарламасының соңғы кезеңі болып табылады.
Сату жоспары өнім өндірісі мен оны өткізуге кететін шығындардың жалпы шаруашылық және ішкі фирмашілік сметасын құру үшін негіз болып табылады.
Жоспарлы кезеңдегі сату көлемі (Ппр ), өнімнің орташа тәуліктің өндірілімнің (Вс), уақыт кезеңіне (Тпер) көбейтіндісімен анықталады.
Өндірістік қуаты жоспарлау процесінің соңғы кезеңі - оны пайдалану коэфицентің анықтау Км = Nғ /Mср
Км - өндірістің қуаты пайдалану коэфиценті
Nғ - өнімді шығарудың жылдық көлемі
Mср – орташа жылдық қуат

Кәсіпорынның орташа жылдық қуатын анықтау формуласы


Мср= М вх +
М вх – жыл басындағы өндірістік қуат, дана
МВВ – жыл ішінде еңгізілген өндірістік қуат, дана
Мвыб – жыл ішінде шығарылған өндірістік қуат, данаtT
tвв – қуаты іске қосудағы айлар саны
tвыб – қуаты шығару сәтінен бастап, жыл соңына дейінгі айлар саны

Сату жоспарының құрудың қорытынды сатысында тауардың массалық жалпы қозғалыс бағдарламасы қойма мен көлік қозғалысының схемасы тиімді құрылады, тауарларды өткізуге дайындау графигі күнтізбелік жоспарлары жасалады. Өнімді сатуды дұрыс жоспарлау әрбір кәсіпорындарда келесі өндірістік шаруашылық және қаржылық экономикалық мәселелерді кешенді шешуді қамтамасыз етеді:



  1. Мерзіміне байланысты өндірістік тапсырыстарды уақытылы орындау

  2. Қолда бар материалдарды, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.

  3. Материалдарды қорларды азайту және оның айналымдылығын тездету.

  4. Әртүрлі көлік құралдармен тасмалды оптималды бөлу

  5. Жұмыстың орындалу және тұтынушыға қызмет ету сапасын арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет