Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері мен принциптері Жоспарлаудың түрлері:
Ұзақ мерзімді
Орташа мерзімді
Қысқа мерзімді
Бизнес- жоспарлау.
Бизнес жоспарлау – инвестиция тарту инструменті және ішкіфирмалық жоспарлаудың негізі болып табылады. Әр түрлі компаниялар және жоба үшін бизнес жоспар формасы жоғары дәрежеде кәсіпорын үшін маңызды болатын сұрақтардан тәуелді.
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері:
Жобаның резюмесі.
Кәсіпорынның сипаттамасы.
Өнімнің сипаттамасы.
Нарықты талдау.
Өндірістік жоспар.
Өткізуді жоспарлау.
Қаржылық жоспар.
Тәуекелді талдау.
Шығынсыздықты талдау.
Қосымшалар.
Өнімнің өндірісі және оны сатуды жоспарлау, кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспарының басты мәселесі болып табылады. Өнім, тауар, қызмет, өндірістік жоспарлау, тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру фирма дамуының стратегиясын құру мен маркетингтік зерттеулер жүргізу мен басқа қажетті өнімді жобалаумен өнімді өндіру мен өткізуді ұйымдастырудың басқа ішкі шаруашылық қызметтермен тығыз байланысты болуы қажет. Кәсіпорын бөлімшелері өздерінің атқаратын функцияларына байланысты жұмыстарды жоспарлау кезінде келесі стратегиялық және тактикалық мәселелерге жетуге бағытталуы тиіс.
маркетинг (тауар, өткізу, жарнама)
өндіріс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолдағы өндірістік мүмкіндіктерді толық пайдалану, тауарлардың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және белгілі бір өнімді дайындау және сатуға кететін шығындардың төмендеуі.
жобалау – өнім құру, жаңалық ашу, еңгізу, технологиялық процестерді жетілдіру, өнім және жұмыс сапасының көрсеткіштерін жақсарту.
ресурстардың едәуір қорларын сақтау. Материалдарды жоғары сапасымен, төмендету бағамен, көптеген партиямен атын алу.
қаржы, жоспарланған бюджет шегінде кәсіпорынның қызмет етуі, пайдалы өнімге бағытталуы, несиені бақылау, фирма үшін қарыз, заем құнын төмендету.
кәсіпорынның барлық қызметі бойынша есептілікті стандарттау, өндіріс шығындарын детальдау, коммерциялық мәмілелердің кунификациясы
кәсіпорынның сандық және ресурстарды жабдықтаушылау, және тауарды тұтынушылардың теріс әрекеттерінен стратегияны қорғауды қамтамасыз ету.