Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өндіріс шығындарын топтастыру



бет42/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Өндіріс шығындарын топтастыру
Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік шығындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастыруға болады.
Негізгі- өнім өндіру процесімен байланысты шығындар. Яғни өндірістіе басты орын алады. Мысалы, сүттің өзіндік құнын есептегенде негізгі шығындарға өнім өндіретін жұмысшылардың еңібек ақысы, мал азығының құны, негізгі құралдарды күтуге арналған шығындар жатады. Ал астықтың өзіндік құнын есептегенде механизаторлардың еңбек ақысы, тұқым құны, машинаны пайдалануға байланысты шығындар жатады.
Қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен шаруашылықты басқару шығыны.
Тікелей - өнімдердің бөлек түрлерін өндірумен байланысты және нормативті есеп құжаттары негізінде тікелей жолмен енгізіледі.
Жанама- өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты (бірнеше өнім түолерінің арасында бөлінуі жанама жолмен шартты негізге үйлесімді енгізіледі)
Жай – біртекті элементтерден тұрады. (еңбек аќы, тұќым, мал азығы)
Кешенді – бірнеше жай шығындардан тұрады. Мысалы, 1т/км өзіндік құны.(жүргізушінің еңбек ақысы, амортизация, ағымдағы жөндеу)
Айнымалы - өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын шығындар. Мысалы, егіс алқаптарының ұлғаюына байланысты тұқым, еңбек ақы, машина, амортизация шығыны өзгереді.
Тұрақты - өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелсіз шығындар (ғимарат, әкімшілік басқару шығындары)
Ағымдағы – күнделікті болып отыратын шығындар
Келешектегі – алдын – ала есептелетін шығындар
Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:

  1. ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  2. өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  3. экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру- бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пенмактериалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындардың бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақрты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудіңэкономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті маткериалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату- еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әрекетінің нақты нысыны, осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:

  1. өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

  2. өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылықтарын төмендету;

  3. басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  4. технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдаланущды жақсарту және т. б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет