Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет155/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

328-бап. Жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен заңсыз айналысу
1. Жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды немесе медициналық техниканы заңсыз өндіру, әзірлеу, сақтау, сақтау, қолдану, сату, егер бұл ауыр салдарларға әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз мүлкі тәркіленіп екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) бірнеше рет;
в) ірі мөлшерде жасалса, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз мүлкі тәркіленіп бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мерзімде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
13-тарау. Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар
329-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы
1. Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын экологиялық талаптарды бұзу, егер осы әрекет қоршаған ортаға ірі зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса немесе адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге не адам өліміне, не адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекет,-
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет