Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
370-бап. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу 1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекеттер, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымдағы адам жасаған әрекеттер, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 371-бап. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау 1. Дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін ұйымдық-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына қарай шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не қызметіне өзгедей заңсыз араласу, егер бұл әрекеттерді мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiктерiн өзiне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекеттерді: а) лауазымды адам; б) алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы; в) ірі мөлшерде жасаса, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді: а) жауапты мемлекеттiк лауазымдағы адам; б) аса ірі мөлшерде; в) қылмыстық топ жасаса не қылмыстық топтың мүддесінде жасалса, - өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.