Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет177/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

373-бап. Пара беру
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамның, немесе жауапты мемлекеттік лауазымды қызмет атқаратын адамның, не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының өзі немесе делдал арқылы пара беру, яғни құқыққа сыйымсыз артықшылықтар ұсыну -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Елеулі мөлшерде жасалған сол әрекет,-
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) ірі мөлшерде;
в) бірнеше рет жасаса, -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топпен жасалса, -
өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкін тәркілеп параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға, не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстің 372-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 372-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнайы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет