Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет188/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

396-бап. Жауапты мемлекеттiк лауазымдағы билік өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену
1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында жауапты мемлекеттiк лауазымдағы билік өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену -
жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Жауапты мемлекеттiк лауазымдағы билік өкiлiнiң немесе лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену осы негiзде қылмыс жасаумен ұштасса, -
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Билiк өкiлеттiктерiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген лауазымдағы лауазымды адамның атағын өз бетiнше иелену -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
397-бап. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын сауда кемесiнде заңсыз көтеру -
екі жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
398-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан қасақана заңсыз өту
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан Мемлекеттік шекарадағы рұқсат пунктінен тыс қасақана заңсыз өту, сол сияқты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар жасап немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз өту -
бес жылға дейінгі мерзімде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жібере отырып үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе қылмыстық топпен, не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дәл сол әрекет, -
бес жылға дейінгі мерзімге шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жібере отырып бес мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет