Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет37/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

57-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау
1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде соның себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген мән-жайлар ескерiледi.
2. Қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған әрекет үшiн тиiстi бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауға тиіс.
3. Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта аяқталған әрекет үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнен ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауға тиіс.
4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
58-бап. Қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау
1. Қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жаза тағайындау кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыстық құқық бұзушылық мақсатына жету жөнiндегi мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiруi мүмкiн зиянының сипаты мен мөлшерiне ықпал ескерiледi.
2. Қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.
59-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы кезiнде сот әрбiр құқық бұзушылық үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, түпкiлiктi жазаны жеңiлiрек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сiңiру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу жолымен белгiлейдi.
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек қылмыстық теріс қылықтар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл ретте айыппұл салу түріндегі жазаның түпкілікті мөлшерін бір мың айлық көрсеткіштен, ал қоғамдық жұмысқа тарту немесе қамауға алу түріндегі жазаның түпкілікті мерзімін - алты жүз сағаттан немесе тиісінше бір жылдан асыруға болмайды.
Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек теріс қылықтар, кішігірім және орташа ауыр қылмыстармен қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен тағайындалады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында тек ауыр немесе аса ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады Бұл ретте бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза жиырма жылдан аспауға тиіс.
4. Егер қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады. Бұл ретте бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиiс. Егер қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша тағайындалған негiзгi жазаға жиынтықты құрайтын құқық бұзушылықтар үшiн тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкiн. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкiлiктi қосымша жаза осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң сол жазалау түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауға тиіс.
6. Егер сотталған адамның iсi бойынша сот үкiм шығарғаннан кейiн оның бiрiншi iс бойынша үкiм шығарылғанға дейiн жасаған басқа бiр қылмыстық құқық бұзушылыққа айыпты екенi анықталса, жаза Дәл сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бiрiншi үкiмi бойынша өтелген жаза түпкiлiктi жазалау мерзiмiне есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет