Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет39/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

62-бап. Жазалау мерзiмдерiн қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртiбi
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы және үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара немесе толық қосу кезiнде бас бостандығынан айырудың бiр күнiне:
а) қамауға алудың бір күні;
б) бас бостандығын шектеудiң бір күнi;
в) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келедi.
2. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу, мүлiктi тәркiлеу, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары оларды қоғамдық жұмыстарға тартумен, бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады.
63-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу
1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырудың, бас бостандығын шектеудiң, қамауға алу, бас бостандығынан айырудың мерзiмi айлармен және жылдармен, ал жазаны ауыстыру және есепке алу кезінде күндермен есептелуі мүмкін.
2. Қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзiмi сағатпен есептеледi.
3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн қамауда ұстау, бас бостандығынан айыру, қамауға алу, бас бостандығын шектеу түрiндегi жаза мерзiмiнiң бiр күнiне бiр күн есебiмен, қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты қамауға ұсталған бiр күн есебiмен есептеледi.
4. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамауда ұстау, бас бостандығын шектеу түрiнде бiр күнiне екi күн, қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың екi сағаты үйде қамауда ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледi.
5. Сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жасалған қылмыс үшiн сот үкiмiмен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстiң 8-бабының негiзiнде ұстап берiлген жағдайда бiр күнге бiр күн есебiмен есептеледi.
6. Сот талқылауына дейiн қамауда ұсталған сотталушы адамға айыппұл түрiндегi негізгі жазаны тағайындау кезiнде сот қамауда ұсталған мерзiмдi ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңiлдетедi немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.
7. Қылмыс жасалғаннан кейiн психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзiмiне есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет