Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет38/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

60-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
1. Қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi.
2. Қылмыстардың қайталануы кезінде жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң жартысынан төмен, қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде - жасалған қылмыс үшін көзделген ең қатаң жаза түрінің ең жоғары мерзімі мен мөлшерінің үштен екісiнен төмен болмауға тиіс.
3. Әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, кінәлінiң рөлiне, оның қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сол сияқты топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелер ескерілмей тағайындалады.
61-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау
1. Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге дейiн жаңадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, сот соңғы үкiм бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн толық немесе iшiнара қосады.
2. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiндегi осы жазалау түрi үшiн көзделген жазалардың ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауы керек.
3. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза жиырма бес жылдан аспауы керек. Егер адам үкiмдердiң жиынтығында жасалғаны үшін осы Кодексте жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделетін аса ауыр қылмыстардың бiреуiн жасаған деп танылған үкiм қамтылатын болса, онда бас бостандығынан айыру түрiндегi үкiмдер жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза отыз жылдан аспауы керек. Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалса, онда түпкілікті жаза өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түрінде тағайындалады.
4. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза қайта жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкiмi бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлiгiнен де артық болуға тиiс.
5. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде жазалардың қосымша түрлерiн қосу қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелері бойынша жүргiзiледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет