Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет79/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

159-бап. Сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттiк қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдіктерден және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы, -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
160-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу
1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгiзу, дауыстарды көпе-көрiнеу қате есептеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көпе-көрiнеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттердi Қазақстан Республикасы Президентiне кандидаттың сенiмдi өкiлi, немесе депутаттыққа кандидаттың сенiмдi өкiлi жасаса, сол сияқты сайлау комиссиясының, немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның мүшесi жасаса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған дәл сол әрекеттер, -
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет