Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет78/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

155-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу
Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу-
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
156-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi кетіретін және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы
Шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, -
бес жылға дейінгі мерзім ішінде шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жібере отырып бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
157-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру
Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi,-
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
158-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету, -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет