Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет40/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Тарих 
пәндерінен 
үлгерімі 
төмен 
білім 
алушылармен 
ұйымдастырылатын жұмыс түрі білім алушылардың өзіндік жұмыстары 
негізінде ұйымдастырылады. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын 
ұйымдастыруда мұғалім мынадай қағидаларды есте сақтау керек.
1. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны білім алушылардың жас 
ерекшеліктеріне сай болу тиіс. 
2. Өзіндік жұмыс білім алушылардың ойлау кабілетін дамытуы тиіс. 
3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны кіріктіруге болмайтын оқыту 
мақсаттарына сай болуы тиіс.
4. Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өз бетінше жұмыстың 
нәтижелілігі оның балаға түсінікті болуына және алдын-ала дайындалуына 
байланысты.


90 
Өзіндік жұмыс тәрбиелеу мен оқыту процесінің міндетті құрамдас бөлігі 
болып табылады. Білім сапасын көтеру, оқу әдісін жандандыру мақсат болып 
отырған казіргі кезенде өздік жұмыс білім алушылардың белсеңділігін арттыруға, 
шығармашылық қабілетін арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Білім алушылардың 
ой-өрісін, қиялын дамытады. Эмоция туғызуға бұрын алған білімдерін еске түсіруге 
мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өздік жұмыс окушының баспасөз материалдарын 
өзінше ізденіп оқуға, сол арқылы танымын кеңейтуге мүмкіндік береді. 
Жауапкершіліке дағдыландырады. Өзіндік жұмыс білім алушының сабақта алған 
білімін кеңейте түседі. 
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда сабақтың бүкіл уақытын қамтымай, білім 
алушылардың жұмысына өзім бақылау жасаймын. Бастамасы сыныпта 
орындалып, қалғанын үйде орындайды. (Сабақтан тыс). 
Өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастырудың маңызды шарты, өтілген 
курстардағы біліміне сүйене отырып жүзеге асыру. Өзіндік жұмысқа тарих курсы 
окытыла бастағаннан-ақ дағдылаңдыра бастау керек. Курсты жаңа бастаған 
окушылар пәнді оқып мазмұндауға алғашқыда дағдылана алмайды. Тарихи 
материалды меңгеруге дайын болмайды. Себебі, оларда қоғамдық өмірдің 
құбылыстары туралы ой әлі қалыптаса қоймаған. Оның үстіне сөздік қорларыда 
аз болады. Тарихи оқиғалардың кейбір мәліметтері ғана таныс. Сондықтан тарих 
курсын жаңа бастаушы 5-сыныптарда өтілетін алғашқы сабақтарда білім 
алушылардың өз бетінше жұмыс істеуін дамытуға ынғаландыру керек. 
Білім беру процесінде білім алушылардың өзіндік жұмысының қандай 
түрлері қалай жүзеге асырылып жүр? Күнделікті сабақта оқытудың басқа әдістері 
тәрізді сабақтың барлық уақытын қамтып алмайтындай етіп, көбінше сабақты 
бекіту кезеңінде өзіндік тапсырмалар орындалады. 5-ші, 6-сыныптарында 
оқулық материалдарына сүйеніп мәтіннің тақырыбын онын негізгі сұрақтарын 
ойлап табудан бастаймыз.[7] 
Мысалы: 1. Андронов мәдениетін жасаушылар қай дәуірде өмір сүрген? 
(Қола). 
2. Андронов тайпалары шаруашылықтың қандай түрімен шұғылданған? 
(Балық аулау) 
3.Адамзат дәуірінің басталу кезеңі неліктен тас ғасыры деп аталған? Бұдан 
соң қарапайым жоспарлар құру білім алушыларға тапсырылады. Бесінші сынып 
білім алушылары «Көне дүние куәлары» тақырыбы бойынша төмендегідей 
жоспарлады. 
1. Тас құралдар дәуірі. 
2. Егіншіліктің басталуы. 
3. Тарихи деректер. 
Тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы мен «Қазақ» атауының мән- 
мағынасы. Сабақтан тыс жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының ежелгі қалыптасу 
кезеңі, халқымыздың танылуы, «Қазақ» атауы, оның мән-мағынасы, деректерде 
кездесуі мен зерттеуші ғалымдардың еңбектерімен танысу болмақ. 
Орындалу түрі: сұрақ жауап алу
Тапсырма: конспектілеу, пікір қалыптастыру, сұрақтарға жауап беру. 
1. Қазақ халқының тарихи аренадағы танылуы.


91 
2. «Қазақ» атауының қалыптасуы. 
3. Қазақ даласындағы ежелгі этникалық үрдістер. 
4. Ежелгі тұрғындардың антропологиялық және лингвистикалық 
ерекшеліктері.
5. «Қазақ» атауының деректерде кездесуі.
6. «Қазақ» атауына қатысты халық арасындағы аңыздар. Қарастырылатын 
мәселелер: Қазақ халқының қалыптасуы мен «Қазақ» атауының зерттелуі 
төңірегінде ғалымдар мен ізденушілердің көптеген ой- пікірлері жинақталған. 
Халқымыздың халық есебінде танылуы ХҮ ғасыр екені белгілі. Алайда 
халқымыздың түп тамыры ерте заманда Қазақ жерін мекендеген рулар, тайпалар, 
тайпалық одақтардың этникалық даму тарихымен тығыз байланысты. Олардың 
Қазақ жерін жайлауы мен этникалық құрамдары, этникалық-саяси тарихымызға 
қосқан үлестері жөнінде көршілес жатқан елдердің деректерінде келтірілген. 
Бүгінде зерттеуші ғалымдар Қытай, Византия, Орыс, Араб-парсы, және т.б 
елдердің деректерін зерттеу арқылы ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ жерінде 
орын алған этникалық даму үрдісіне қатысты өзіндік ой- пікір қалыптастырған.
Деректерге сүйену арқылы зерттеушілер «Қазақ» сөзінің мән мағынасына 
да қатысты пікір қалыптастырып келеді. Білім алушы сабақтан тыс уақытта 
аталмыш тақырыпты қарастыру барысында Қазақ даласындағы этникалық даму 
үрдісіне тоқталып, халқымыздың халық есебінде танылуына дейінгі кезеңдермен 
оқып танысуы керек.. Нақты даму кезеңдерін көрсетіп, ерекшеліктерін ұғынуы 
керек. Қазақ даласында этникалық және саяси жағынан күш алған тайпалардың 
құрамына назар аударып, антропологиялық ерекшеліктеріне мән беруі керек. 
Сондай-ақ «Қазақ» сөзінің деректерде айтылу ерекшелігі, мәліметті жеткізіп 
отырған дерек, оның мезгілі, атауға қатысты этно территориялық сілтеме, орын 
алзған саяси оқиғалар т.б осылардың барлығын ұштастыра отырып, берілген 
сұрақтарға жауап беру керек.
Тақырып бойынша сұрақтардың көлемі:
1. Қазақ халқының ежелгі тарихы туралы не айта аласыз ?
2. Қазақ даласын ежелгі кезеңдерде қандай тайпалар күш алып, 
мемлекеттілігін қалыптастырды ?
3. «Қазақ» атауының деректерде кездесуі туралы не айта аласыз? 
4. Халқымыздың дамуы туралы қандай авторлар зерттеу жұмыстарын 
жүргізді, бұл мәселеге қатысты олардың көзқарастары қандай ?
8. Қазақ халқының қалыптасуы жөнінде қандай аңыздар бар ? Қосымша 
әдебиеттердің тізімі:
1. Қазақ тарихы. Очерк А.,1994. 123-148 беттер.
2. Қазақстан тарихы. 2 том. А., 1997. 291-312 беттер.
3. Ермұханов Б Қазақтың этникалық тарихы. // Ақиқат, 1998,№ 1, 34-46 
беттер; 1998,№ 2, 56-62 беттер. 
4. Бұланов Е «Қазақ» туралы қанша айтылды? ( мәселенің тарихнамасы) // 
Қазақ тарихы, 2005, № 4, 28-32 беттер. 
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы мен Қазақ хандығының құрылуы 
тақырыптары бойынша 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын 
сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану, 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының 


92 
тарихи маңызын анықтау кіріктіруге болмайтын оқыту мақсаттары бойынша 
сабақтан тыс жұмысының мазмұны .
Қазақ хандығының құрылуы мен саяси тарихына шолу жасау, қазақ 
хандығының этникалық құрамын анықтау, қазақ «жүздерінің» этникалық 
құрамын сипаттау тапсырма:
1. Қазақ хандығының алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің саяси 
портреті (қысқаша баяндама жазып, 3 минуттық хабарлама дайындау). 
2. «Портреттер сөйлейді» (Шартты көрсетілген фотосуреттердегі (Қазақ 
хандарының) 
тарихи 
тұлғалардың 
аты-жөнін 
атап, 
ішкі, 
сыртқы 
саясаттарындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтарға тоқталу). 
«Түріктер туралы тарихи деректер» тақырыбында 6.2.2.3 көшпелілердің 
әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау атты оқу мақсатын меңгерту үшін 
«Атлах шайқасына қатысты» суретке зерттеу жүргізу тапсырмасын беруге 
болады. Мұғалімге білім алушылардың деректерді тиімді түрде қолдануына 
және зерттеу арқылы қойылған сұрақтарға жауап табуына бағыт беруі 
ұсынылады. 
Аталған тапсырмаға сәйкес білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып «Фотосуреттермен жұмыс» тәсілін қолдануға болады. 
Фотосуреттер – тарих сабағындағы қызықты дереккөздердің бірі болып 
табылады. Фотосуреттер XIX ғасырдың басынан бері тарихтың әртүрлі 
аспектілеріне қатысты көптеген шынайы визуалды образдарды бейнелейді, 
соның ішінде әлеуметтік жағдай, соғыстар, техникалық өнертабыстар, саяси 
оқиғалар және т.б. Олар ұзақ әрі күрделі жазбаша дереккөздерге қарағанда 
түсінікті және қызықты болады. Ал, фотосуреттерді қарапайым әрі түсінікті етіп 
ұсыну қажет. Мұқият талдаусыз ұсынылған ең қызықты деген фотосурет те білім 
алушыға түсініксіз болуы мүмкін. Ең бастысы, білім алушыларға визуалды 
дереккөздерді зерттеуге бағыттайтын сұрақтар мен тапсырмалар беру 
ұсынылады. Білім алушы
лар фотосурттерді визуалды дереккөзді-мәтінге және 
жазбаша деректерге қарағанда оңай қабылдайды. Визуалды дереккөздерді 
талдау бойынша тапсырма беру үшін, білім алушыларды зерттеуге бағыттайтын 
сұрақтар мен тапсырмалар мазмұны түсінікті болуы қажет.[24]
Фотосуретпен жұмыс жасаудың алгоритмі: 
• фотосуреттерде көргеніңізді сипаттаңыз. Суретте бейнеленген ұсақ 
бөлектерге да назар аударыңыз;
• суретте қандай нысан басты назарда? Автордың неге көңіл бөлгісі 
келгенін анықтаңыз; 
• фотосуреттегі адамдар қандай іс-әрекетпен айналысуда? 
• ойланыңыз, неліктен суретші осы уақытта және осы оқиғаны фотоға 
түсіргенін анықтаңыз; 
• фото мазмұнында мәтіндік ақпарат, плакат, жарнама, қолтаңба көрініс 
тапқан ба? 
• егер фотосуреттің уақыты анық болмаған жағдайда, барлық мүмкіндікті 
пайдалану арқылы мерзімін анықтауға тырысыңыз; 
• әрқашан фотосуреттің т.б деректермен (статистикалық деректер, тарихи 
оқиғалар, карикатуралар т.б) байланысын анықтаңыз; 


93 
• егер тарихи деректер бір-біріне қарама-қайшы келсе, оның себебін 
анықтаңыз. Қарама-қайшылықтардан тағы да қандай тың деректерді алуға 
болады? Қайсы дерек неғұрлым шынайы екендігіне көз жеткізіңіз? 
1. 
фото мазмұнында қандай оқиға, ақпарат, мәлімет т.б. жеткіліксіз 
болып тұр? 
[Работа с фотографиями. http://urokiistorii.ru/article/2230]. 
Фотосуретпен жұмыс жасаудың алгоритміне сәйкес с
уретті талдауға 
арналған талдамалық жұмыс парағын қолдану білім алушының зерттеу 
жұмысын жүйелі жүргізуіне септігін тигізеді. Суреттің талдамалық жұмыс 
парағы кестесінде көрсетілген. 
Суреттің талдамалық жұмыс парағы
1-қадам. Бақылау 
А 
Суретті 2 минут ішінде зерттеңіз. Суреттен алған жалпы әсерді сипаттаңыз, 
содан кейін оның жеке элементтерін зерттеңіз. Суретті жеке бөліктерге бөліп, 
оның әр элементін зерттеңіз.
В 
Суреттегі адамдар, нысандар және іс-әрекеттерді анықтау үшін төмендегі кестені 
қолданыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет