Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Адамдар 
Нысандар 
Іс-әрекеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-қадам. Қорытынды 
Өз бақылауларыңыздың негізінде негізгі үш нысанды көрсете отырып, суреттен 
қорытынды шығарыңыз
3-қадам. Сұрақтар 
А 
Бұл сурет сізде қандай сұрақтар тудырады? 
В 
Оларға жауаптарды қайдан таба аласыздар? 
Нәтижесінде білім алушылар суреттегі оқиғаларға сәйкес түркілердің 
әскери өнердегі жетістіктері бойынша қорытынды жасай алады. (
Білім беру 
мазмұны жаңартылған оқу бағдарламасымен «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» оқу 
пәндерін (10-11-сыныптарда) оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар, – Астана: Ы. 
Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021., 34-35б.) 
Қазақстан тарихы бойынша үлгерімі төмен білім алушылардың оқуға деген 
қызығушылығын арттыруда картамен жұмысты ұйымдастыру да нәтиже береді. 
Картамен жұмыс бойынша ережелер мен ұсыныстар Ұлттық тестілеу орталығы 
құрастырған Қорытынды аттестаттауға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік 
құралдан алынды. (Қараңыз: Қазақстан тарихы. Қорытынды аттестаттауға 
дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал. Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығы, –Aстана. 2017.,9-12 б.) 
Білім алушылар үшін картамен жұмыс бойынша Ережелер
Өздерің таңдаған шартты белгілердің көмегімен тапсырманы орындаңдар, 
шартты белгілерді картаның түсіндірме сөздеріне бейнелеңдер. Географиялық 
және тарихи нысандар – қалалар мен кенттердің атауларын дұрыс жазыңдар; 


94 
өзендердің атауы ағысы бойына жазылады: бастауынан құйылуына қарай, жазу 
басқа белгілердің сұлбасын жауып қалмауы керек; жазуды мүмкіндігінше ұсақ, 
бірақ анық етіп жазыңдар.
Картаны артық жүктеп жібермес үшін ұсақ нысандар сандармен 
белгіленіп, артынан карта нобайының сыртында оларға түсінік берілуі тиіс 
(«шартты белгілер» графасында).
Картаға тарихи нысандарды-өзен жүйелері, жаға сызығын және 
мемлекеттік шекараларды бейнелеуде градустық торды пайдаланыңыз (бұл 
бағдар және ыңғайлылыққа, сондай-ақ нысандарды дұрыс енгізуге қажет).
Өздеріңізге берілген тапсырмаларды дәл орындау керек («артық ақпарат» 
енгізуден сақтаныңдар: жұмысқа артық ақпарат еніп кеткенде берілген 
тапсырманы дұрыс рәсімдегені үшін қойылатын баға бір баллға төмендеуі 
мүмкін)
Нысандардың географиялық және тарихи атаулары бас әріптен жазылсын. 
Жұмыс грамматикалық қатесіз ұқыпты орындалуы тиіс (салақ және 
грамматикалық қателермен орындалған жұмыс бағаны бір баллға төмендетуі 
мүмкін). 
Билеттегі кескін картамен жұмысты бағалау критерийлері
 Карта бойынша тапсырманы дәл және дұрыс орындауы 
 Картаға нысандар мен жазбаларды дәл және ұқыпты енгізуі
 Жұмысында шартты белгілердің және олардың түсініктемесінің болуы 
(карта аңызы) 
 Картамен жұмыс жасау ережесін сақтауы (бояуда бәсең түстерді 
пайдалануы, бояу тек түрлі-түсті қарындаштармен жүргізілуі) 
 Сөйлеу және грамматикалық қателердің болмауы. 
Тарих картасымен жұмысты бағалау критерийлері
 Картаның оқу алгоритмін сақтай білуі 
 Карта бетінде географиялық бағдарларды дәл табуы және оны көрсете 
білуі
 Картадағы шартты ақпаратты мәтіндік ақпаратқа түрлендіре білуі
 Атауды, мерзімді, шартты белгілерді жауаптың үш бөлімді құрылымын 
сақтау үшін пайдалана білуі (кіріспе (атауы, бейненің салынған күні) – 
негізгі бөлім (картадағы ақпараттың сипаты немесе карта бойынша 
сұрақтарға жауап) – қорытынды) 
 Сөйлеу сауаттылығы. 
Картамен жұмыс бойынша ұсынымдар
Дегенмен, бастауыш кезеңнің өзінде-ақ, тарих және кескін карта секілді 
оқытудың дәстүрлі «аспаптарын» пайдалана отырып, білім алушыны ақпарат 
алу, түсіндіру, түрлендіру және пайдалануға үйрету мүмкін. Бұл «аспапты» 
дұрыс пайдаланса, мұғалім заманауи білім беру жүйесінің алдында тұрған 
көптеген проблемаларды шеше алады:
 Оқытудың репродуктивті деңгейінен продуктивті деңгейіне көшіру 
проблемасы
 Ақпараттың тек бір пәндік сипаты және қалыптастырылатын икемділік пен 


95 
дағды проблемасы
 Білім алушыны оқыту мен әлеуметтендіру арасындағы байланыс 
жоқтығының проблемасы. 
Төмендегі таблицада кескін картамен жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың 
мысалдары келтірілген. Сол жақ бағанда Қазақстан тарихы бойынша кескін 
карталардағы дәстүрлі тапсырмалар көрсетілген. Бұл тапсырмалар білім 
алушыға атластан кескін картаға механикалық түрде көшіруді ұсынады. Оң 
жақта, мақсаты талдау, салыстыру, синтез сынды ойлау операциясы арқасында 
өз бетінше ақпарат алу болып табылатын, кескін карта тапсырмасының 
түрлендірілген нұсқасы берілген. Жұмыстың қорытындысы ақпараттағы 
қайшылыққа дербес жетіп, сол қайшылықты түсіндіріп беруге талаптану болып 
табылады
«Кескін картамен жұмыс үшін берілетін тапсырмалардың мысалдары»
Репродуктивті деңгей (ақпаратты 
айту) 
Продуктивті деңгей (талдау, салыстыру, синтез сынды ойлау 
операциясы арқасында өз бетінше ақпарат алу)
1. Кейінгі ортағасырлық 
Қазақстандағы жер өңдеудің 
негізгі аудандарын көрсетіңдер;
2. Қазақ хандығының 
астаналарын жазыңдар; 
3. Қазақстан аумағындағы 
ортағасырлық сәулет 
ескерткіштері ауданын 
белгілеңдер;
4. Қазақ хандығының XV 
ғасырдағы және XVI ғасырдың 
басындағы шекарасын 
көрсетіңдер. 
1. Қазақстандағы жер өңдеуге неғұрлым қолайлы 
аумақтарды бөліп көрсетіңдер (табиғи қолайлы аумақтар 
мен қолдан жасалған жағдайлы аумақтарды түс (бояу) 
көмегімен бөліп көрсет); 
2. Қазақстанның аумағын жер өңдеумен шұғылдануға 
қолайлы және қолайлы емес аймақтарға бөліп көрсетіңдер 
(бұлай бөлуді көрсету үшін көмектесетін шартты белгілер 
ойлап тап); 
3. Оңтүстік Қазақстан жерінде жер өңдеумен шұғылдануға 
неғұрлым қолайлы аудандарды көрсетіңдер; Өз 
таңдауларыңды негіздеңдер;
4. Картада Қазақ хандығы мемлекетінің
ХV ғасырдағы және XVI ғасырдың басындағы аумағын 
көрсетіңдер. Қазақ хандарының неліктен Сырдария өңіріне 
биліктерін бекітуге ұмтылғанын анықтаңдар. Сырдария 
өңірін билеу құқығы үшін ХV ғасырда және XVI ғасырдың
басында қандай династиялар әскери қақтығысқа түсті?
Осындай тәсіл қолданғанда білім алушы пән туралы білім алып қана 
қоймай, оны алу және пайдалануға да үйренеді. Тарих сабақтарын карта, схема, 
таблицаларды оқу алгоритмін өңдеу көмегімен пән туралы білімдерін 
тереңдетуде түсіну, талдау және пайдаланумен араластыра отырып жүргізу 
қажет.
Критерийлер пәндік икемділік пен дағдылардан басқа жалпы білім беру 
икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыруға да мүмкіндік береді.
Критерийлерде 5 балл болады (дәстүрлі мектептік баға шкаласы). Бір критерий 
бір баллға сәйкесСондай-ақ мұғалімнің кескін картасындағы жұмысты 
бағалайтын дәл критерийлер мен картадағы шартты ақпаратты мәтіндік 
ақпаратқа түрлендіру критерийлеріне назар аудару маңызды.
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет